Ұйғыр ауданы Полиция бөлімінің жеке құрамымен «Заң мен тәртіп: құқық, жауапкершілік және сенім» тақырыбында идеологиялық сағат өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас қызметкерлердің бойында патриоттық сезімді нығайту, ұлттық тарихи мұраға деген құрметті арттыру және ел алдындағы азаматтық әрі қызметтік жауапкершілікті қалыптастыру. Кездесу барысында патриотизмнің негізгі құндылықтарына, атап айтқанда, Отанға адалдық, заңға құрмет, қоғамдық тәртіпті сақтау, бірлік пен жауапкершілік мәселелеріне ерекше …