اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ، وَالصَّلَاةُ وَالسَّلَامُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَصَحْبِهِ أَجْمَعِينَ، أَمَّا بَعْدُ Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға көптеген салауат пен сәлем жолдаймыз. Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Уақыт керуені тағы бір белесті артқа тастап, он екі айдың сұлтаны, күллі мұсылманның асыға күткен рухани мейманы – мүбәрак Рамазан айы табалдырығымыздан аттауға жақын. …