Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы іссапармен Қарадалаға келді. Қасиетті өлкенің төріндегі іссапарының бастамасын жаңа салынып жатқан білім ордасына барудан бастаған халық қалаулысы 900 орынды мектептің құрылысымен танысты. Мектеп құрылысын көруге «Amanat» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы, аудан әкімі Нурахунов Шухрат Турдахунұлы, «Amanat» партиясы Ұйғыр аудандық филиалының төрағасы Нұров Мәулен Мұқажанұлы және облыстық мәслихат депутаты …