«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудандық Ішкі саясат бөлімі, Жастар ресурстық орталығы және Қоғамдық келісім және даму орталығы бірлесіп, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарды туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақыру. Тазалық шарасы барысында мекеме қызметкерлері мен жастар белсенділері қоғамдық орындар мен көше бойларын қоқыстан тазартып, аумақтарды ретке келтіру …
«Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді