Басты бет Таза Қазақстан Шонжы ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

Шонжы ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

0
16

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шонжы ауылында ауқымды сенбілік ұйымдастырылып, тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Сенбілікке мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер және ауыл тұрғындары белсенді қатысып, ауыл көшелері мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту, жасыл аймақтарды ретке келтіру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында жол жиегі мен арық жүйелері тазартылып, айналаны көркейтуге бағытталған жұмыстар атқарылды.

Аталған шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және туған жерге деген жанашырлықты арттыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сенбіліктер қоғамда тазалыққа деген жауапкершілікті нығайтып, ауылдың көркеюіне өз үлесін қосады.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы игі бастамалар табиғатты қорғауға, экологиялық тәртіпті сақтауға және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.

Тазалық – ортақ іс.
Туған жердің тазалығы – әрбір азаматтың жауапкершілігі!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

“Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында Қалжат ауылдық округінде кезекті сенбілік ұйымдастыр…