Басты бет Таза Қазақстан «Таза Қазақстан» акциясы аясында санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» акциясы аясында санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді

0
15

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 2026 жылғы 9 мамыр күні «Қарадала орман шаруашылығы» КММ қызметкерлері мемлекеттік орман қоры аумақтарында санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында орман шаруашылығы қызметкерлері орман алқаптарын тұрмыстық қалдықтар мен бей-берекет тасталған қоқыстардан тазартып, қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында бірқатар жұмыстар атқарды. Сонымен қатар, табиғи аумақтардың санитарлық жағдайын жақсарту, экологиялық тәртіпті сақтау және орман байлығын қорғау мақсатында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы – елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғауға және табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттауға бағытталған маңызды бастама. Аталған акция аясында өткізілетін шаралар тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, туған жердің табиғи тазалығын сақтауға үлес қосуда.

Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті. Сондықтан қоршаған ортаның тазалығын сақтау, орман мен табиғи байлықтарға ұқыпты қарау – келер ұрпақ алдындағы маңызды жауапкершілік.

🌱 Табиғаттың тазалығы – елдің жанашырлығынан басталады!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

“Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында Қалжат ауылдық округінде кезекті сенбілік ұйымдастыр…