Басты бет Таза Қазақстан Таза Қазақстан Шарын ұлттық паркінің аумағында жүзеге асырылды.

Таза Қазақстан Шарын ұлттық паркінің аумағында жүзеге асырылды.

0
24

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы Шарын ұлттық паркінің аумағындағы Шарын шатқалында “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық бағдарламасының аясында туристік аймақтарды қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтардан тазалау жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстарына Шарын ұлттық паркінің ұжымы, орманшылар, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен волонтерлар және белсенді жастар атсалысты.
Әлемде теңдесі жоқ, миллиондаған жылдық тарихы бар табиғат ескерткішін бүлінбеген таза әрі қаз қалпында өскелең ұрпаққа табыс ету бүгінгі буынға артылған аманат. Осы орайда аманатты абыроймен арқалап, оған барынша қамқор болу үшін ең бірінші ондағы тазалық мәселесі тиісті деңгейде жүзеге асуы қажет екендігі айқын. Табиғаттың өзі тарту еткен тамаша өлкені таза ұстау, ол ортада жаппай сенбілік жүргізу әлемнің әр түкпірінен келген турист азаматтарды да сүйсіндірді және барша халықты қоршаған ортаға қамқор болуға шақырды. Туған жердің тазалығы өзімізден басталады!

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Бұл бастама – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды әрі үлгілі іс-шаралардың бірі. …