Басты бет Жолдау Сапалы оқулық – сапалы білім негізі

Сапалы оқулық – сапалы білім негізі

0
38

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты халыққа Жолдауын ұсынды. Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі алғашқы Жолдауда Қасым-Жомарт Кемелұлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кемел саясатын жалғайтынын, болашақта елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару үшін Елбасы саясатының сабақтастығын сақтау арқылы ғана жете алатынын айта келе, сан саланы саралап, тиісті тапсырмаар мен жүйелі міндеттер қойды алдымызға. Экономика, ауылшаруашылығы, әлеуметтік салаларды жан-жақты талдап, қажетті шараларды қабылдау қажеттігін тапсырды. Солардың ішінде екшеп айтарымыз – білім саласы.

Мемлекет басшысы білім беру сапасын жақсарту туралы келелі ой айтты. Әсіресе мектеп бітіруші түлектердің жоғары оқу орнына түсе алмауы талай проблеманың арқауы болып отырғанын жеткізді. «Жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалады. Жастардың бұл тобы жұмыссыздар мен маргиналдардың негізін құрайды. Олар амалының жоқтығынан қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына түсуде. Біз оқушылардың қабілетін айқындап,  кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс. Экономикамызда техника саласының мамандарына сұраныс өте жоғары, бірақ мүмкіндіктер аз. Кәсіпорындар тиісті мамандарды шетелден шақыруға мәжбүр. Осындай келеңсіз жағдайды жедел түзетуіміз керек», ­- деп мәселенің шешімін де ұсынды. Сонымен қатар Қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасының алшақтығын да сөз етті. Бұның басты себебі білікті педагог кадрлардың тапшылығы екенін де екшеп көрсетті. Бұл мәселені шешу үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасын дамытуды, жаңғыртуды табыстады.

Ел Президенті сапасыз оқулықтан сапалы білімнің болмайтындығын да аңғарып, оқулықтар сапасының төмендігін де сөз етті. «Тағы бір өзекті мәселе. Бұл –  оқулық сапасының төмендігі. Оқушылардың сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету – тиісті министрліктің тікелей міндеті», ­- деді Мемлекет басшысы. Демек алдағы уақытта министрлік пен тиісті мамандарға олқы оқулықтың орнын сапалы оқулықпен толтыру ісі тұр. Бұл де кезек күттірмейтін келелі мәселе.

Осындай оңтайлы мәселелерді сөз еткен Президент Жолдауы халыққа жол тартты. Ендігі мәселе Жолдауда айтылған келелі ойға келісті пікір айтып, келісе отырып, іс атқарып, жұмыс жасау ғана күтіп тұр.

Замирам Мирзахметова,

№ Шонжы орта мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Яш әвлат үчүн ениқ башланма

    Күн санап тәрәққиятини йүксәлдүриватқан Қазақстан елимиз бүгүн йеңи тәш…