Алматы облысы соңғы жылдары цифрлық трансформацияны жүйелі түрде жүзеге асырып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған заманауи технологияларды белсенді енгізіп келеді. Өңірде цифрлық инфрақұрылымды дамыту, адами капиталды күшейту және инновациялық экожүйе қалыптастыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Өңірлік ІТ-хаб ретінде жұмыс істейтін Alatau Hub бұл бағыттағы маңызды орталыққа айналды. Мұнда 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 1000-нан астам адам қамтылды. …