Басты бет Рухани жаңғыру ОҚЫДЫҚ, ОЙ ТҮЙДІК

ОҚЫДЫҚ, ОЙ ТҮЙДІК

0
1,030

Аудандық «Қарадала тынысы – Қарадала нәпәси» газетінің ағымдағы жылғы №7 (268) нөмірінде жарық көрген Дәулет Күнікеев пен Аман Дәулет есімді тарихшылардың «Шонжы жайлы не білеміз?» атты тарихи мақаласын оқығаннан кейін, кереметтей рух жаңғыруының дабылын естігендей, сана сілкінісінің ғажайып үніне құлақ түргендей тамаша күйге бөлендім.

Әрбір азамат өз туған жерінің қатпарлы тарихын, өткені мен кеткенін білгені жөн. Мен бұл ретте аталмыш мақаланы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізінде дүниеге келген деп есептеймін. Сонымен қатар аталмыш мақала болашаққа бағдарланған жаңғырудың алтын кілтін тапқандай. Жалпы рух жаңғыруы тарихи танымымызды айқындай отырып, болашақ ұрпаққа ата-бабамыздың ерлігі мен батырлығын бойтұмар ретінде аманаттауымыз қажет. Сондай-ақ жастардың туған жеріне, ел-жұртына, Отанына деген сүйіспеншілігін осындай тарихи шежірелер арқылы бойларына сіңіргеніміз абзал. Себебі бүгінгі жас ұрпақ — келешегіміздің жалғасы. Ойға ой салған, бойға жігер дарытып, рухты көтерген мақалада өзекті мәселелер кең көлемде қаузалған. Мен аудандық газетімізде жарық көрген аталмыш мақаладағы негізгі ойды қолдаймын, қуаттаймын. Ендеше рухани жаңғыруымыздың алтын кілті жақсылық жолын одан әрі де аша берсін демекпін!

Әбдіғали АСАНҒОЖАЕВ
ТАСҚАРАСУ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…