Басты бет Өңір тынысы БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУДА

БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУДА

0
927

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болды. Оның жұмысына халық қалаулыларынан басқа аудан әкімінің орынбасары Дәулетжан Деменбаев, мекеме, кәсіпорын басшылары, жауапты мердігерлер қатысты. Комиссия жұмысын аудандық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссияның төрағасы Камилжан Юлдашев жүргізді.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Шонжы ауылының солтүстік батыс жағалауындағы тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген 174 гектар жердегі инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысының сапасы туралы әңгіме қозғалғандықтан сұрақтар ең алдымен жұмысты жүргізіп отырған мердігер «КиікбайСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің учаске басшысы Б.Жусанбаевқа қойылды. Ең қомақты қаржы бөлінгендіктен оның сұрауы да зор болатындығын ескерген депутаттар ең алдымен ауыз суға қатысты мәселе жайында көптеген сауалдар қойды. Барлығы да арнайы сараптамадан өткізіліп, судың адамдар пайдалануына жарамдылығы туралы нақты деректермен жауап қайтарған мердігер, тек қана су емес, электр желілерінің, телекоммуникациялық жүйенің де аяқталуына аз қалғандығын мәлімдеді. Қараша айының аяғы мен желтоқсанның басында барлық құрылыс жұмыстары аяқталса, келесі сәуір айында кезекте тұрғандар өз жерлеріне ие болатындықтары жағымды жаңалық болды. Депутаттар тарапынан инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысына бөлінген қаржының тиімді пайдаланып, сапалы әрі өз уақытында аяқтау, электр желісі, су құбыры, телекоммуникация мекемелерімен тығыз байланыс орнату, судың сапасын лабораториялық тексеруден өткізу, жарық өшіп қалған кезде насос қосылған нысандарға қосымша ток көзін беретін қондырғылар қою сияқты ұсыныстар айтылды. Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Ғайиндин Баратовқа да күн сайын құрылыс басына барып, оның сапасын тексеріп тұруы керектігі ескертілді. Аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрәкім Есжан аталған жұмыстарға бюджеттен 2 млрд 73 млн қаржы бөлінгендігін, оны 2 млрд 11 млн теңгеге ұтып алғандықтарын, бүгінгі күнде жалпы соманың 400,0 млн теңгелік жұмыс көлемі қалғандығын 20 пайызды игеруге 2 ай ішінде үлгере аласыздар ма? деген сұрақты көлденең тартты. Мердігер 1 желтоқсан күніне толық аяқталатындығына уәдесін берді.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Бекболат Солтанбаев тоғыз айда атқарылған жұмыстарының есебін берді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану және пайдаланбай жатқандарын мемлекеттің меншігіне қайтару туралы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ф.Амирдинов анықтама жасады. Шонжы ауылының 14 көшесінің атауын өзгерту туралы Шонжы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Адылжан Курбаниязов мағлұмат берді.
Әр мәселе аса ыждаһаттылықпен қаралып, оның ұсақ-түйегіне дейін зерттеліп, зерделеніп барып, бюджет қаржысының мақсатты жұмсалатындығына көздері жеткен тұрақты комиссия мүшелері қаралған барлық мәселелер бойынша қаулы қабылдап, оны бір ауыздан бекітті.

Баян
МАМЫРБАЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АТАҢНАН МАЛ ҚАЛҒАНША, ТАЛ ҚАЛСЫН

Шошанайлық ағайын мемлекет басшысы бастаған «Таза Қазақстан» акциясына өз үлестерін қосты.…