Басты бет Денсаулық МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ ҚАУЗАЛДЫ

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ ҚАУЗАЛДЫ

0
181

Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің мәжіліс залында дөңгелек үстел өтті. Ең басты байлық адам және оның өмірі десек, сол адамдарға қауіп келтіретін нәрселерден аулақ болып, әсіресе  адам денсаулығына зиян келтіретін жұқпалы аурулар туралы әңгіме қозғалды мұнда.

Адам мен малға ортақ аса қауіпті құтырма және сібір жарасының алдын алу, ауруды болдырмау жөнінде бөлім басшысы М.Тохметов баяндама жасады. Аудандағы жұқпалы аурулардың ошақтары жоқ дегенмен, сақтансақ сақтаймын деген қағидатты басшылыққа алып жұмыс жүргізу керектігін баса айтты. Соңғы кезде қаңғыбас иттердің мәселесі де күн тәртібінен түсіп көрген емес. Ветеринариялық қызмет мамандарының атқарып жатқан жұмыстары көп болғанымен, қаңғыбас иттердің мәселесі толық шешілді деп айта алмаймыз деп ойын түйіндеді. Аудандық ветеринариялық бөлім басшысы Сәкен Көдек өз ойын ортаға салды. Малдан жұғатын аурулардың аса қауіпті болатындығын нақты мысалдармен түсіндірді. Аудандық жергілікті полиция бөлімінің басшысы Сырым Серікболов ит тістеген жағдайда ит иелеріне салынатын айыппұлдың мөлшері, оған қатысты қозғалатын іс туралы түсінік берді. Аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары К.Байкубесов, эпидемиолог дәрігер И.Абдувалиевтер де тақырыпқа тұздық құйып, одан шығатын жолдарды айтты. Аудан орталығы Шонжы ірі ауыл болғандықтан келеңсіз жағдайға тап болатындар да осы ауылдан шығып жатады. Шонжы ауылдық округінің маманы А.Ансардинов та осы мәселелерге қатысты пікірін білдірді. Сұрақтардың көбісі бөлім басшысына қаратыла қойылды. Әрине бір бөлім бүкіл жұқпадан арылта алмайды. Мұнда тұрғындардың жауапкершіліктері мен тазалыққа басымдық берген абзал. Кез келген аурудың алдын алуға болады. Оған тек қана құлық пен жауапкершілік керек. Дөңгелек үстелге қатысушылардың айтары ойлары осыған келіп тоғысты.

СЭББ мамандары аудандағы сібір жарасының топырақтық ошақтары туралы толық түсінік беріп, атқарылып жатқан шараларды айтты. Сібір жарасы мен құтырма ауруының алдын алу мақсатында арнайы контингенттерге ауруға қарсы профилактикалық егулер жүргізілетіні  туралы да мәліметтер берілді.

Дөңгелек үстел жұмысын аудандық СЭББ басшысы М.Тохметов қорытындылады. Құтырма және сібір жарасы жұқпаларын ауданда болдырмау мақсатында бірлесе жұмыс атқарайық деген үндеу тастады. Дөңгелек үстел жұмысына қатысқан мамандарға алғысын жеткізді. Діттеген мақсаттары ортақ болғандықтан, жиылғандар бір мәмілеге келіп, ауданда жұқпалы аурулардың алдын алу үшін істелетін шаруалардың басын қайырды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр

Алматы облысында АИТВ инфекциясын емдеу бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл ту…