Басты бет Әр қилы ҰЛТТЫҚ НЫШАНДАР – ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

ҰЛТТЫҚ НЫШАНДАР – ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

0
238

Көк туымыз – тәуелсіздігіміздің тұғыры, Елтаңбамыз – елдігіміздің айнасы. Әнұранымыз еркіндігіміздің қастерлі үні. Мемлекеттік рәміздер Мәңгілік елдің басты баға жетпес құндылығы. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу, қадір тұту мемлекеттік қызметшілер мен мекеме басшыларын айтпағанда барша Қазақстан Республикасы азаматының қасиетті борышы болып саналады. Әр елдің ерекшелігін айшықтап тұратын өздеріне тән мемлекеттік белгілері мен әнұраны болады. Сол құндылықтарын қадірлеген ел ғана әлем алдында абыройлы әрі ғұмырлы болатындығы айқын. Біз де көк туымызды көк аспанда желбіреткен, әнұранымызды әлем алдында әуелетіп, елтаңбамызды ерекше қадірлеген Тәуелсіз елміз.

Осы аса қадірлі де қасиетті Мемлекеттік рәміздеріміз еліміздің қай өңірінде болмасын мемлекеттік мекемелердің сыртында және ішінде басшының кабинетіндегі төрде заңға сәйкес орналастырылып, құрмет көрсетіледі және насихатталады. Рәміздер аса құнды әрі қастерлі мемлекеттің құндылығы болғаннан соң оларды пайдалану, насихаттау және ескіргенін жою арнайы нормативтік-құқықтық актілермен айқындалған. Осы бойынша әрбір мемлекеттік мекеме мемлекеттік рәміздерді пайдалануы, насихаттауы және ескіргенін заң талаптарына сәйкес жойып отыруы керек. Осыған орай аудандық ішкі саясат бөлімі аудан әкімдігінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отырады.  Сәйкесінше аталмыш комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес аудан аумағындағы мемлекеттік рәміздердің жалпы жәй-күйіне мониторинг жүргізіп, әдістемелік көмек көрсетілді.Мониторинг барысында мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкестігі, талапқа сай дұрыс орналастырылуы, тазалығы, бүтіндігі, жарықтандырылуы қаралды.

ҚР Үкіметінің 02.10.2007 жылғы №873 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау бойынша барлық ауылдық округтерде зерделеу жұмыстары жүргізіліп, қорытындысы өткен аптада аудан әкімдігінде отырыс түрінде өткізілді.

Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасары Ерасыл Толымбекұлы тқрағалық етті. Отырыс барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы зерделеу жұмыстары барысында анықталған барлық кемшіліктерді атап айтып, алдағы уақытта кемшіліктерді қалпына келтіру үшін арнайы мерзім белгілеуді ұсынды. Ал өрескел қателіктерге жол беріп, мемлекеттік рәміздердің жай-күйіне немқұрайдылық танытқан мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері берілген мерзім ішінде аталған кемшіліктерді жоймаса заң аясында шара қолдану қажеттігі ұсынылды.

Ақжол НҰРДӘУЛЕТҰЛЫ,

аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

УНИҢ ҺАЯТИ ӘМГӘК БИЛӘН ЖУҒИРИЛҒАН

Кеңәш дәвридики өтмүшни әскә алидиған болсақ, түрлүк иш қойнида әмгәк әткән инсанларниң қи…