Басты бет Иман ДІНІ БЕРІКТІҢ ДІҢГЕГІ БҰЗЫЛМАС

ДІНІ БЕРІКТІҢ ДІҢГЕГІ БҰЗЫЛМАС

0
956

Қазақстан Руспубликасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен ағымдағы жылдың 26 шілдесі күні Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің профессоры, аға оқытушысы Әділбаев Алау Шайқымұлы және «Жаухар» ұлттық салт дәстүрді қолдау қоғамдық қорының бас жоба жетекшісі Исмаил Нурислам ауданымызға арнайы ат басын тіреді. Дін бағытында нәтижелі еңбек етіп жүрген нағыз өз ісінің мамандары біздің өңірге деструктивті діни ағымның жетегінде жүрген жерлестерімізді мүмкіндігінше адасушылықтың жолынан шығарып, өзіміздің дәстүрлі діннің арнасына бағыттау мақсатында оңалту жұмыстарын жүргізу үшін, осындай адасушылықтың құрбаны болып кетпес үшін  келді.

Әуелгі жиналыстың басы аудан орталығындағы орталық базар аумағында ашық аспан астындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған сауда саласында жүрген кәсіпкерлермен сауалнама түріндегі шарадан басталды. Сауалнама алып, азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптарын бергеннен кейін жұма намаздың қарсаңында аудандық орталық мешітке барып, ондағы жиналған жамағатқа бейбіт қоғам мен жарқын болашағамыздың кепілі – дәстүрлі дін тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Белгіленген жоспарға сійкес түстен кейін Әл-Фараби атындағы аудандық орталық кітапханада кітапханашылар мен өнер қызметкерлері арасында кездесу жиынын өткізіп, ол ортаға да біздің қоғам берік ұстануы тиіс дәстүрлі дініміздің қадір-қасиеті мен ең негізгі басым бағыттарын айқын түсіндіріп айтты. Мәдениет қызметкерлерінен қойылған сұрақтарға да ғалымдар тарапынан нақты жауаптар берілді.  Күннің қорытынды шарасы ретінде «Ұйғыр этномәдени орталығы» Қоғамдық бірлестік ұжымымы арасында «Діні беріктің діңгегі бұзылмас» тақырыбындағы кездесу өткізілді. Шара барасында дін саласында айтарлықтай тәжірибесі бар мамандар кездесуге қатысушыларға дәстүрлі діннің алғышарттары мен ең негізгі айқын белгілерін, осы дәстүрлі діннің бағытынан шығып қалмау үшін қандай ұстанымдар ұстану қажеттігі жөнінде мардымды мағлұматтарын беріп өтті. Кездесуге қатысып отырған қоғамдық бірлестік ұжымы өз көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, дәріскерге алғыстарын білдірді. Әсіресе халық арасында өлім-жітімде, жаназада, мәйтті жерлеуде, ас беруде деген сияқты діни рәсімдер орандалғанда орта жолдан қосылып, дәстүрлі діннің тұнығын ластап жатқан ойдан құрастырылған салттар мен ғұрыптар жайында бірқатар сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан нақты жауаптары берілді.

Жалпы бір күнге жоспарланған тығыз кесте бойынша атқарылған жұмыстар мен жүргізілген уағыз-насихаттар оң нәтижесін береді деген үміттеміз. Тұрақты әрі біртұтас болашағымыздың айқын кепілі, бейбіт елдің сенімді ертеңі дәстүрлі дініміздің діңгегі берік болғай!

А.ТАШКЕНОВ,

аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы   

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ИСЛАМШУНАС БИЛӘН УЧРАШТИ

Йеқинда Алмута шәһири Достлуқ мәһәллисиниң жут-жамаәтчилиги исми көпчиликкә яхши мәлум дин…