Басты бет Спорт ШАХМАТ – ОЙЛЫЛАРДЫҢ ОЙЫНЫ

ШАХМАТ – ОЙЛЫЛАРДЫҢ ОЙЫНЫ

0
179

Ауданымыз спорттың кез келген түрінен жақсы көрсеткіштерімен мақтана алады. Ұлттық спорт түрлерінен облыс емес республикада да биік жетістіктерге жетіп жүр. Зейнетте жүрген ардагерлер арасында соңғы кезде әртүрлі жарыстар өткізіліп, ақсақалдар бір-бірімен қауқылдасып, көптен көрмегендер кездесетін жақсы дәстүр қалыптасып келеді.

Аптаның дүйсенді күні аудан көлемінде аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен шахматтан спорттық жарыс өтті. Шахмат ойлылардың ойыны деп жатады. Бұл спорт түріне кім көрінгеннің тісі бата бермесі тағы анық. Шонжы ауылдық округінің ғимаратында өткен жарысқа зейнетте жүрген жандар қатысты. Саламатты өмір салтын қалыптастырып, ардагерлердің қоян-қолтық араласып кетулеріне жасалған жағдай деп қабылдауға болады. Бұл додаға 12 зейнеткер қатысты. Жарыстың әділдігіне баға беруге арнайы тағайындалған аудандық шахмат федерациясының бас бапкері Тохтахун Қадыров ойын тәртібінің бұзылмауын қадағалады. Жылдамдық пен шапшаңдықты емес, керісінше барынша салқынқандылық пен ойлауды талап ететін бұл ойын түрінде бірінші орынды Осман Авакриұлы Гаппаров қанжығасына байлады. Екінші орын қарулы күштерінің ардагері шонжылық Юлтуз Юнусұлы Қайрановқа бұйырды. Мемлекеттік қызметте ұзақ жыл тер төгіп, бүгінде зейнетте жүрген Болат Байғазыұлы Қоқымдиев үшінші орынды қанағат тұтты.

Жарысты өткізуге мұрындық болған аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Ербол Нұрсейітов жеңімпаздарға арнайы алғыс хаттарын табыс етіп, осындай жарыстарға белсенділік танытып, жиі кездесіп тұрайық деген ақжарма тілегін ақтарды. Шахмат федерациясының төрағасы Тохтахун Қадыров та зейнетке шықтық, енді ешкім мазамызды алмасын деп жатып алмай, осындай басқосулар мен спорттық додалар жиі ұйымдастырылса құба-құп болар еді. Өмір бойы жұмыс істеп, ел арасында жүрген адамдар үшін бірден үйде отырып қалу ауырлау. Сондықтан аудандық ардагерлер ұйымы тек қана спорттық емес әртүрлі бағыттағы байқауларды, көркемөнерпаздар үйірмелерінің концерттерін ұйымдастыра нұр үстіне нұр болмақ деген пікірін ортаға тастады.

Шахмат ойынының жеңімпаздары облыстық жарыста бақтарын сынауға барады. Ауданның намысын қолдан бермейтіндіктеріне бек сенімдіміз. Ардагерлеріміз абыройымызды аспандатып, өзге ардагерлердің арасында оқ бойы озық болсын деп тілейік.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ САЙЫСҚА ТҮСТІ

   Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебінің спорт залында «Алматы облысының оқу-ағарту жән…