Басты бет Заң және қоғам СЫБАЙЛАСТЫҚПЕН КҮРЕС – БАРШАҒА ОРТАҚ

СЫБАЙЛАСТЫҚПЕН КҮРЕС – БАРШАҒА ОРТАҚ

0
321

Сыбайлас жемқорлық, оның кесірі мен зияндығы туралы әркез айтылып, жазылып жүр. Мемлекеттік мекемеде қызмет істейтін азаматтар әркез өздерінің жұмыстарына адалдық танытып, еліме не беремін деген принципті ұстанғанда қоғам ілгері дамиды. Қазіргі Қазақстанның ең ауыр проблемаларының бірі де – сыбайластық, жең ұшынан жалғасу, парақорлық.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күреске қарамастан, біз оны қоғам өмірінің әртүрлі деңгейлерінде байқап, көріп, куә болып жүрміз. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары салдарынан материалдық игіліктерге зиян келіп, лауазымды тұлғалардың атына қара күйе жағылып, нәтижесінде қоғамның мүдделері бұзылады және азаматтардың мемлекеттік билікке деген сенімі төмендейді. Сондықтан өз елімізде, өз жерімізде, өз Отанымызда қолымызға берілген билікке адалдық танытуымыз міндетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 6-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық деп «жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді алу немесе алу мақсатында заңсыз пайдалануы» деп түсіну керек жеке өзі немесе делдалдар арқылы өздері, не үшінші тұлғалар үшін мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу, сол сияқты, бұл адамдарға артықшылықтар мен артықшылықтар беру арқылы пара беру». Қарапайым тілмен айтқанда, сыбайлас жемқорлық – бұл пара беру немесе алу, қызмет бабы мен өкілеттігін теріс пайдалану. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қолданылады, оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдар болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау әрбір азаматтың міндеті болып табылады. Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз еліміздегі сыбайлас жемқорлықты жоя және жеңе аламыз.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сәйкес, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі өз қызметкерлеріне заңды түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу барысы жайлы әңгіме өткізіп тұрады. Жалпыға қолжетімді жерде ақпараттық стендтер, басшылар мен орынбасарлардың жеке қабылдау кестелері орналастырылған. Кез келген мәселе бойынша хабарласып, өз ойларыңызды ашық білдіре аласыздар. Парк қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің барлық фактілері туралы «Шарын мемлекеттік ұлттық паркінің» 2-14-33 сенім телефонына  хабарлауға болады.

Данияр АТМАНОВ,

«Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» заңгері 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Верховный Суд не отменял запрет на ношение платков в школах

◾️ В публикациях СМИ и в социальных сетях распространяется недостоверная информация, что В…