Басты бет Мәдениет және руханият КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛАДЫ

КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛАДЫ

0
206

Біраз уақыттан бері халықаралық кітап күніне орайластырылып «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы бастау алып, ол дәстүрлі түрде жалғасын тауып келеді. Бұл акцияның  басты мақсаты — қарапайым және мейірімге толы барлық адамзатты кітап оқуға шақыру, білім алушылардың кітап оқуы мен кітапты бір-біріне сыйлау дәстүрін қайта жандандыруға ықпал ету, кітапханаларға жақсы кітаптар тарату, технология заманында да кітап өз құндылығын жоғалтпайтын ерекше сыйлық болып қалатынын көрсету. Өте жақсы үрдіс. Жер-жерлерде, ірі қалалар мен шағын ауылдарда кітапханаға кітап сыйлаушылардың қатары артып отырғаны көңілге медет.

Өткен аптада біздің аудандық кітапханаға аудандық аналар кеңесінің төрағасы Гүлжаһан Әликеева өзінің жеке кітапханасынан біраз жақсы әдеби шығармаларын әл Фараби атындағы аудандық кітапханаға сыйға тартты. Оның ішінде балаларға арналған халық ертегілерінің топтамасы, орыстың ұлы жазушылары мен ақындарының және шетелдің классик жазушыларының кітаптарын сыйға тартты. Тек қана кітапханаға емес ертегілер топтамасын «Есентай» балабақшасы мен қандас бауырымыз Әділхан Исаға да арнайы алып келгендігінің куәгері болдық. Бұл шараға аудандық аналар кеңесінің мүшелері қатысты. Аудандық кітапхананың меңгерушісі Аида Жаппарова өз атынан шынайы ризашылығын білдірді. Кітапханашы Әбзелқан Малдыбекова кітап қоры туралы, жалпы кітаптың қалай сақталатындығы жайында мағлұмат берді. Акция өзінің діттеген мақсатына қол жеткізді, кітапхана білім алушылар оқуын, бір-біріне кітаптарды сыйлауды қайта жаңғыртты, жаңа оқырмандарды тартуға ықпал етті.

Кiтап – жақсы дос, рухани азық. Сондықтан да бiр-бiрiмiзге сүйіспеншілікпен кітаптар сыйлайык! Қоғамды ізгілендіру бағытының бірі – кітап оқу мәдениеті. Кітап оқу адамның білімді болуына үлкен үлес қосатын амал болғандықтан кітап оқу және ілім үйрену тақырыптары бір-бірімен тығыз байланысты. Акцияның мақсаты – кітапхана қорын толықтыру, еңбекті сүюге, жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіруге, білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту. Ата бабамыз «Оқу – білім бұлағы» деп бекер айтпағаны анық. Ал білім үйренуге келсек, білімге кітап оқусыз жете алмасымыз да шындық.

Балауса АБДИМУСАЕВА,

«Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ-нің аудандық бөлімінің жетекші сарапшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ДАРАБОЗ ДАРЫН ИЕСІ

Ілияс Жансүгіровтың аты аталса дара шауып, құйындап келе жатқан Құлагер көз алдымызға келе…