Басты бет Спорт ОБЛЫСТЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ОБЛЫСТЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

0
801

Ауданымызда спорт саласы қарқындап дамыған деп айтуға негіз бар. Өйткені спорттың кез келген түрінен ауданымызда чемпиондар жеткілікті. Спорттық ойын түрлерінен республика деңгейіне дейін жетістікке жетіп, ұлттық ойындардан да ешкімге дес бермей келеді. Спорттың жеке, дара түрлері дейтін күрес, таеквандо, білектесуден бөлек волейболдан да облыс, республика көлемінде биік нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығып жүрген ұлдар мен қыздар спорттың әр түрінен биік тұғырдан көрінуде. 2010-2011 жылы туған жасөспірім қыздар мен ұлдар арасында волейболдан өткен Алматы облысының чемпионатында ұлдар командасы алтыннан алқа тағынып, қатарластарынан оқ бойы озық шықты. Шебер ойын үлгісін көрсеткен 12 мен 13 жастағы жасөспірімдердің бесеуі облыстың құрама командасының мүшелігіне ілініп, республикалық жарыста Алматы облысының намысын қорғайтын болды. Бұл ауданымыз үшін зор мәртебе. Бес баламыз облыстың құрамасында ойнайтынының өзі үлкен жеңіс.

Оқушы ұлдарды волейбол ойынына үйретіп, шыңдап жүрген жаттықтырушы Саян Ахметов балалардың әлі алар биіктерінің алда екендігін айтып, ойымен бөлісті. Қаланың балаларына дес бермей, тамаша ойын көрсетіп, намыстарын жанып қайтқан олардың ертеңгі күнге деген сенімдері марқайтты. Жазғы демалыстарын спорт залында өткізіп жүрген жасөспірімдерді болашақта  жеңіс тұғырынан көргіміз келеді. Бос уақыттарын телефонға телмірумен емес, спортпен айналысуға арнап жүрген балаларға дән ризамыз. Алтыннан алқа тағынған ұлдарымыздың жігерлері мен намыстары ұлтымыздың абыройы мен беделін асқақтата түсетіндігіне бек сенімдіміз. Алда алар асулары көп болғай…

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ САЙЫСҚА ТҮСТІ

   Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебінің спорт залында «Алматы облысының оқу-ағарту жән…