Басты бет Бір шаңырақ астында ТҰРАҚТЫЛЫҚ – БАСТЫ МАҚСАТ

ТҰРАҚТЫЛЫҚ – БАСТЫ МАҚСАТ

0
73

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы басталғандығын ақпарат көздерінен көріп, таныстық. Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, биылғы сессияны онлайн-форматта өткізуді жөн көрді. Оны дұрыс шешім деп қабылдадық.

Дәл қазіргі Қазақстанның басты ұстанымы – ауызбіршілік пен татулық, бірлік. Төтенше жағдайлар орын алып, су тасқыны бірталай аймақты алып жатқан мынандай кезеңде біз бірлігімізді танытуымыз керек. Ассамблеяның да басты миссиясы ауызбірдік, достық екендігін бәріміз жақсы білеміз. Адамдарымыз аман болсын ең бастысы. Осындай бауырларымыздың басына күн туған тұста әртүрлі шығынға батыратын шараларды тоқтатып, қаржыны үнемдеуді ұсынған мемлекет басшысының айтқанын қолдаймыз.

«Жүректен жүрекке» деген ауқымды қайырымдылық акциясына бәріміз белсенге қатыстық, шамамыз келгенше көмек көрсеттік. Бұдан өзге су тасқынымен күреске этномәдени бірлестіктердің 12 мыңға жуық өкілі қосылғанын да естідік. «Біз күш-жігерімізді біріктіру арқылы ғана болашақ жетістіктердің берік тұғырын қалап, саясатта, экономикада, мәдениетте және әлеуметтік салада түбегейлі өзгерістер жасай аламыз. Дәл сол себепті Ассамблеяның бүгінгі сессиясы «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» деп аталды,– деген мемлекет басшысының сөзі қолайыма жақты. Біз бір ел болып біріккенде ғана үлкен кедергілерді бұзып-жарып, биікке қанат қағамыз.

Асийәм МАХМУТОВА,

зейнеткер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫМЫЗДЫ ТҮЗЕУІМІЗ ҚАЖЕТ

Қоғамда адам өзгерді ме, әлде заман өзгерді ме білмеймін, кінәмшілдікке көп жол беретін бо…