Басты бет Әлеумет СУ МӘСЕЛЕСІ ҚАШАНДА ӨЗЕКТІ

СУ МӘСЕЛЕСІ ҚАШАНДА ӨЗЕКТІ

0
7,668

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қарадалаға арнайы жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапарының басты мақсаты аудандағы суармалы су жүйелеріне қатысты түйінді мәселелері талқылап, олардың шешілу жолдарын қарастыру. Кездесуге Алматы облысы әкімінің орынбасары Алмас Батанов, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Қуандық Чункунов және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.

Қарадала – бау-бақшасымен танылған аумақ. Мұндағы тұрғындардың басты табыс көзі жермен тікелей байланысты. Бірақ соңғы уақыттағы су проблемасы шаруалардың басына шаш еектен проблема тудырып келеді. Ағын судың азайғаны пайдаланылатын жердің көлемін де азайтуда. Бұл аудан экономикасының дамуына да кері әсерін тигізбек. Міне, осы жайттардың алдын алу мақсатындағы жүздесуде аудан басшылары тарапынан өзекті прблемалар айтылды.

Қонақтарды қарсы алған аудан әкімі Бота Елеусізова мен орынбасары Дастан Құдабаев аудандағы суару каналдары мен олардағы проблемаларды, даму жоспарларын таныстырды.

Ауданда суармалы жер көлемі – 21893 га. Оның 14 628 гектары төменгі аймақта, 7265 гектары тау бөктеріндегі ауылдарда. Осы суармалы жердерді қамту үшін ауданда жалпы ұзындығы 848,9 шақырым суару каналдары қажет. Бүгінгі күнде 592 шақырым канал ғана «ҚарСушар» мекемесінің мүлігі ретінде тіркелген. Ал 256 шақырым канал иесіз қалған. Ал қолдағы бардың өзі жарамсыз, тозығы жеткен. Кеңес үкіметі кезінде жөндеу жұмыстарынан соң жасалмаған. Жыл сайынғы шаруалардың өз күшімен жамап-жауқаулары арқасында ғана іске асып тұрғандары бар. Оның өзінде қаншама су далаға кетіп, ысырап та болуда. Аудан әкімінің орынбасары Дастан Құдабаевтың сөзінше, жоғарыда аталған каналдарды жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттарына сәйкес 16,2  млрд теңге қажет екен. Конкурс жеңімпазы болып танылған «Толағай 2050» ЖШС-не жөндеу жұмыстарының бастамасына 100 млн теңге ғана бөлінген. Қалған қаражат та уақыт созуды күттірмейді екен.

Суару каналдарынан өзге Қарадала массивінде 200-ден астам ұңғыма орналасқан. Сонымен қатар 7 су қоймасы бар. Бүгінде олардың да халі мүшкіл. 90 жылдарға дейін олардың көпшілігі талан-таражға түсіп, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Үлкен Ақсу, Бағкетпен, Добын 1, Добын 2, Сарыбұлақ, Қос ағаш, Сүмбе су қоймалары жөндеуді қажет етеді. Мұнан басқа Шарын өзеніндегі су торабы құрылысына, Тиірмен, Сұңқар ауылдарындағы шағын су қоймаларын салуға, Тасқарасу, Бахар, Рахат ауылдарындағы құрғату дренаждарына, Қырғызсай, Сүмбе, Ават ауылдарында су қоймаларын салу үшін жобалау-сметалық құжаттарына қаражат қажеттігі де айтылды.

Ауданның су шаруашылығындағы түйінді мәселелерді толықтай тыңдаған Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өз тарапынан барлық мүмкіндіктерді қарастырып, қолдау білдіретінін айтты. Проблемалық нысандарды аралап, өз көзімен көрген министр алдағы уақытта ауданның ауылшаруашылығы дамуы үшін су мәселесін шешуге ықпал ететініне сендірді.

ӨЗ ТІЛІШІМІЗ

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Итоги года глазами казахстанцев: результаты социологических исследований

5 декабря 2024 года в Казахстанском институте стратегических исследований при Президенте Р…