Басты бет Спорт ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТА ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТА ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

0
1,762

Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жас ұрпақты саламатты өмір салтын ұстануға, шымыр да шыныққан болашақ иелерін тәрбиелеуде тер төгіп жүрген бірден-бір ұжым десек артық айтқандық бола қоймас. Шәкірттеріміз еңбегіміздің жемісін көрсетіп, әртүрлі дүбірлі додаларда жеңіс тұғырынан көрініп, ауданымыздың намысын қорғап келеді. Спорттың бокс түрі соңғы кездері жақсы қарқын алып келеді. Бұрын бұл түрге баратын балалар саны аздау еді, қазір қызығушылық танытып жүргендердің қатары көбейген. Бокстан жаттықтырушы Нұрғанат Тұрбеков осы жақында шәкірті Рауан Ғалымұлын халықаралық жарысқа апарып, бәйгеге қосты. Монғолия мемлекетінің Өлгей қаласында өткен жарыс Монғол мемлекетіне еңбегі сіңген спорт қайраткері, спорттан спорт шебері Х.Шарбетханның құрметіне арналған екен. Бокстан жастар және жасөспірімдер арасында халықаралық турнирде өзінің шеберлігін танытқан 57 килограмм салмақтағы Рауан баламыз қола медальға ие болды. Жаттықтырушысы Нұрғанат Тұрбеков үкілеп апарған шәкіртінің жеңісіне риза. Халықаралық деңгейдегі додада өз бағын сынап, қарсыластарына дес бермеген Рауан баламыздың жеңісіне құтты болсын айтамыз. Бокстан қазақтың жігіттері биік шыңдарды бағындырды, олимпиадаларда туымызды биікке желбіретті. Рауан да сол саңлақтардың жолын жалғастырады деген сенімдеміз.

Жиһангер МӘЖИТОВ,

аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АТ ҮСТІНДЕ АТОЙЛАҒАН ЖІГІТТЕР

Ұлттық спорт дегеніміз – жауынгерлік жаттығу. Бұған көкпар, аударыспақ, теңге ілу, садақ а…