Басты бет Заң және қоғам Сыбайластықтан сақтансаң сақтайды

Сыбайластықтан сақтансаң сақтайды

0
710

Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау, оған жол бермеу, онымен күресу барысы жайлы сабақ өтілді. Оған Сарыөзек гарнизоны әскери полиция бөлімінің әділет капитаны Е.Қасенов қатысты. Сыбайлас жемқорлықпен күресті түсіндіру үшін ол арнайы бейнебаян әзірлеп келіпті. Онда сыбайлас жемқорлықтың адам өміріне, оның ішінде мемлекеттік қызметте жүрген тұлғаларға қаншалықты залал әкелетіндігін, мемлекетке келтіретін зиянын түсіндірді. Сондықтан әр лауазым иесі өз жұмысына аса жауапкершілік танытып, адалдықпен атқарулары тиістігін таптап айтты. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да өмір сүруді жалғастыруда, тек ауқымымен ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму процесін, нарықтық экономика құрылысын, инвестиция тартуды тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Мемлекеттік қызметте отырған кез келген адам ең алдымен мемлекетіне, өз еліне адал қызмет етемін деген түсінікті санасына мықтап құюы шарт. Біздің Қорғаныс істері жөніндегі бөлімде әркез жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу жөнінде арнайы насихат жұмыстарын жүргізіліп отырады.

Бағдат КОШАКБАЕВА,

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының көмекшісі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЗОРЛУҚ-ЗОМБУЛУҚҚА ҚАРШИ ЖАЗА ҺӘҚҚИДӘ

Йеқинда ижтимаий торларда Қазақстан ажришиш бойичә дунияда биринчиләр қатарида туриватқанл…