Басты бет Жолдау ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАСЫМДЫЛЫҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАСЫМДЫЛЫҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

0
418

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ақиқаттың белінен аттап өтпеу үшін қоғамды шынайылық пен әділеттілікке, шашылған қойдың құмалағындай жан – жаққа бытырап кетпеу үшін, бес саусақтай бүгіліп, жұдырықтай жұмылып, біртұтас ұлт болып қалыптасуға, алтау ала болып араздаспас үшін ағайынды береке мен бірлікке, ырыс пен ынтымаққа шақырғаны көрегенділік һәм парасаттылық емей немене?

Кемеңгер басшымыз Жолдауындағы бірінші бағдарында экономика тұрғысында қордаланған өзекті де түйткілді мәселелерді жақсы білетіндігін, мәселен шикізат өнімдеріне тәуелді екенімізді, еңбек өнімділігі төмен дәрежеде екендігін, ұлттық табыстың игілін жұрттың бәрі бірдей көріп отырмағандығын тілге тиек етіп, осы шаруаларға баса назар аудару керектігін, бұл мәселелерді шешудің нақты жолдары бар екендігін жеткізді. Сондай-ақ мемлекет басшысы жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру, ұлттық табысты әділ бөлу қажеттігін айтты.

Сонымен қатар мемлекет бсшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы атқарылатын жұмыстарды жіпке тізгендей жік-жігімен бөліп тұрып көрсетіп берді. Мәселен, біріншіден бағаны әкімшілік жолмен реттеу тұтас салалардың иевестициялық тартымдылығын төмендетіндігін, тауар тапшылығын туындатып, елді импортқа тәуелді ететіндігін, сондықтан баға белгілеу ісіне мемлекеттің араласуынан біртіндеп бас тарту керектігін де атап өтсе, екінші мәселеде экономиканы одан әрі монополиясыздандыру үшін нақты институциялық шешімдер қабылдау қабылдау қажеттігін жеткізсе, үшіншіден экономиканың тұрақты өсуі салық саясатының түсінікті және болжауға болатындай етіп жүргізу керектігін атап өтті.

Міне, президентіміздің Жолдауына қарап отырып түсінгеніміз, мемлекетіміздің экономикалық жағдайын көтеріп, әл-ауқатын арттырып, әлемнің алпауыт мемлекеттерімен иық тіресіп тұрып бәсекелестікке түсетін мығым да мықты, тәуелсіз де еркін, алты құрлықтағы әлем ұлттары санасатындай мемлекет құру жатқандығын болжауға болады. Әділеттің ақ туын желбіретіп, үкімет пен халықтың арасында тығыз қарым-қатынас пен ашық байланыс орнағанда мәңгілік мызғымас мемлекеттің қорғасындай қатты, болаттай берік құлыптасы қаланары сөзсіз. Ендеше әділетті Қазақстанды, дәулетті де сәулетті Қазақстанды, жаңа да жаңғырған Қазақстанды, мемлекеттігі мызғымас мәңгілік Қазақстанды бірге құруға атсалысайық!

Санжар КЕЛЕКЕ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ТӨТЕУ КЕРЕК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында экономикаға басымдық берді. Салық с…