Басты бет Денсаулық Алматы және Жетісу облысының 21% астам халқы әлі күнге дейін сақтандырылмаған

Алматы және Жетісу облысының 21% астам халқы әлі күнге дейін сақтандырылмаған

0
814

 Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асырудың жарты жылдық қорытындыларымен бөлісті.

Бірінші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша Алматы және Жетісу  облысы бойынша Қордың филиалымен 83 медициналық мекеме шарт жасасты. Оның ішінде мемлекеттік – 47 және жеке меншік — 36. Бұл тұрғындарға ең жақсы клиниканы таңдауға мүмкіндік береді. Алматы облысы бойынша медициналық қызметтерді көрсететін мекемелер тізімі Қордың сайтында орналастырылған – Fms.kz.

«2022 жылға нақтыланған бюджет жоспарына сәйкес облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге, КВИ-ні қоспағанда, 162,4 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде тегін медициналық кепілдендірілген көмек көрсету пакеті аясында – 97,3 млрд теңге және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде – 65,1 млрд. теңге. Өткен жылмен салыстырғанда бюджет 119,4% -ға ұлғайды»,- деді Нұрлан Отарғалиев.

Халықты аса толғандыратын мәселелердің бірі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы айтатын болсақ, амбулаториялық-емханалық көмек бойынша препараттарды сатып алуға 16,2 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде ТМККК шеңберінде – 12,8 млрд. теңге және МӘМС шеңберінде – 3,4 млрд. теңге көзделген.

Айта кетсек, бүгінгі таңда МӘМС жүйесімен қамту бойынша жұмыс үздіксіз жүргізілуде, жарты жылдың қорытындысы бойынша екі өңірде1 705 051 адам немесе халықтың 78,6%-ы медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған. МӘМС-ке төлем жасау барлығы үшін міндетті болып саналатынына қарамастан, Алматы және Жетісу облыстарында 462 257 адам (21,33%) әлі күнге дейін сақтандырылмаған.

«Тәжірибе көрсеткендей және өтініштерді талдау нәтижесінде жұмыс істемейтіндер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өткен кезең үшін жарна төлеуге қызығушылық танытпайды. Сол себепті олар үшін МӘМС жүйесіне қатысудың баламалы нұсқасы әзірленді. Ол сақтандыру мәртебесін алу үшін алдын ала 12 айға төлем жасауға мүмкіндік береді. 2022 жылғы шілдеде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына тиісті толықтырулар мен өзгерістер бекітілді. Ол қыркүйек айының басында күшіне енеді. Біздің ойымызша, бұл халықты медициналық сақтандыру жүйесіне көптеп тартуға ықпал етеді», – деп атап өтті Қордың Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев.

Айсұлу АБИШЕВА,

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің бас сарапшысы

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр

Алматы облысында АИТВ инфекциясын емдеу бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл ту…