Басты бет Кәсіпкерлік Сарқанда тіс емханасы ашылды

Сарқанда тіс емханасы ашылды

0
376

«Ебін тапқан екі асайды» дегендей бүгінгі таңда кәсіп бастағысы келген әр адам үшін мемлекет ұсынып отырған оңтайлы жолдар мен тиімді шешімдер бар. Соның бірі- «Басату бизнес» және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Облыстық  кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаевтың айтуынша,  бизнеске бет бұрған жандар үкімет  арнайы даярлаған бағдарламалар шеңберінде несие ала алады.  Жоба түлектері «Atameken Zhetysu» микроқаржы ұйымында 6% — бен жеңілдетілген несиеге қол жеткізуге құқылы.  Бүгінгі таңда өңірде 119 кәсіпкер МҚҰ арқылы жеңілдетілген несие алған.
Бұл қатарда сарқандық Ардақ Төлендинова да бар.   «Ардақ» ЖК иесі  тіс емханасын ашқан жергілікті кәсіпкер. Ол «Еңбек» бағдарламасы аясында «Atameken Zhetysu» МҚҰ 6 млн теңге көлемінде 6% несие алды.
«Жылдық мөлшерлемесі аз пайызбен алған несиенің қаржысына   Сарқанда стоматологиялық қызмет көрсету үшін тіс емханасын аштым. Қажетті құрал-жабдықтарды толықтырдым. Бүгінде мұнда үш адам жұмыс істейді. Мамандарымыз күніне 50-70 адамға қызмет көрсетеді»,-дейді Ардақ Әділханқызы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАМ КӨҢІЛДЕРГЕ КӨЛЕҢКЕ ТҮСІРМЕГЕН

Төрт мүшесі сау болса да кейде пенделер өмірдің ұсақ-түйек кедергілеріне тосқауыл қоя алма…