Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп — қатерлерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Сондықтанда осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы.
Сыбайлас жемқорлықты жою – біздің халқымыз бен мемлекетіміздің негізгі құндылығы – Тәуелсіздігімізді нығайтудың басты талабы. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне деген немқұрайдылық өткір қоғамдық мәселе болып отыр. Кейбір азаматтардың ұғымында сыбайлас жемқорлық үйреншікті іске айналды, ал біреулер үшін заңды айналып өтіп қажетті мәселерді шешудің тәсілі болды. Сыбайлас жемқорлыққа шаралар көп жағдайда жүйесіз, нәтижесі шамалы атүсті жұмыс ретінде қабылданады. Тұрғындардың пікірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл құқықтық тәртіп органдарының еншісі. Осындай таптаурын көзқарас қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қарқынын айтарлықтай бәсеңдетеді.
Адал еңбекті құрметтеу аясын барынша кенейту қажет. Өскелең ұрпақ үшін асыл құндылық – адал еңбекпен қол жеткізген материалдық игілік, жетістіктер мен білім болуға тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үдеріс тәрбиесіндегі маңызды рөл отбасында берілуі керек. Балалары үшін үлгі болатын ата-аналармен белсенді жұмыс жүргізу қажет. Жастар ұйымдарының да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өз орындарын тапқаны ләзім.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу бүгінгі таңда Ұйғыр аудандық қазынашылық басқармасының басым бағыты болып табылады. Басқармада Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы» Заңы негізінде ақпараттық айқындылықты қамтамасыз ету, қазынашылық қызметкерлерінің жемқорлыққа қарсы күрес көзқарасын қалыптастыру мақсатында құқықтық оқулар жүргізіліп отырады. Осы бағытта басқарма жұмысына деген талапты күшейтіп, оның ақпараттық жүйесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес факторларын төмендетуге мүмкіндік беретіндігін айтуға болады. Бұған жоспардағы «Қазынашылық-Клиент» жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетуге болады. Бұл жүйе қазынашылық басқармасының жауапты орындаушыларының мемлекеттік мекемелермен қызмет көрсету аясында өзара байланысын болдырмайды. Мемлекеттік органдардың төлем шоттары электрондық тәсілмен жіберіліп, автоматты түрде қазынашылық қызметкерлеріне жеткізіледі, талданады, орындалады. Сондай-ақ, мәліметтер ашықтығын қамтамасыз етеді, төлем шоттардың орындалуы барысы туралы ақпаратты мемлекеттік мекемелер өз орындарында отырып көре алады.
Еліміздің өркендеуі мен көркеюі әрбір азамат тарапынан қосылатын үлес нәтижесінде ғана болмақ. Артылған сенім үдесінен шығу үшін әр мемлекеттік қызметші заңдылық шеңберінде жұмыс істеп, өзінің бар күш-жігерін мемлекеттік функцияларды атқаруға жұмсауы тиіс. Басқарма бойынша жүзеге асырылып отырған барлық жұмыстар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес талаптары шегінде және заңдылық пен тәртібі нығайған мемлекеттік басқару жүйесін нығайту бағытында жүргізіліп келеді және одан әрі жалғасын таба бермек.
Б.АВАКРИЕВ,
аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары