Басты бет Әлеумет Тұрғындардың айтары бар

Тұрғындардың айтары бар

0
393

(Ават ауылы)

    Осыдан біраз бұрын аудандық мәслихаттың депутаттары ауыл-ауылдарды аралап, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап қайтқандары жайлы аудандық газетте жазған болатынбыз. Әр ауылдың өзіне тән қиындықтарымен қатар жақсылықтарын да көріп қайттық. Жазғы науқан кезі болғандықтан жұмыс барлық жерде қарбалас. Шөп шабу да, абрикос жинау да қазір әр ауылда қауырт жүріп жатыр. Дегенмен қыстың қамын жазда жасайтын шаруалардың шаруалары шаш етектен бола тұра кездесуге келуге де уақыт тауып жатқандығына қуандық. Аудандық мәслихат депутаттарын ауылдық округ әкімі Равиль Анадуллаев өз жұмыс кабинетінде қарсы алып, атқарған істер мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат берді. Ауыл малдың жем-шөбін дайындаумен айналысып, бау-бақшалықтарында піскен өнімдерінің ысырапсыз өтуі жолында тер төгіп жүр екен. Ауылдың басты проблемасы тұрғындардың сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 50,0 млн.теңге бөлінгендігін қуанышпен жеткізген ауыл әкімі, енді тезірек конкурстық амалдар жүзеге асырылып, мердігер белгіленіп, жұмыс басталса деген ниетін жасырмады.

Шағын кәсіпкерлікті дамытуда бұл ауыл біршама алға ілгерілеп кетіпті. Дәл қазір құрылыс, жөндеу жұмыстарына аса қажетті деген сплинтерлік кірпіштер шығаруды қолға алған ауыл тұрғыны Аман Бакиев тұрғындарды арзан, әрі сапалы құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуді жолға қойыпты. Қолдарында қаржылары жоқтарға несиеге беріп, елдің үдесінен шығып отырған оған ауыл жұрты алғыстарын арқалатуда. Акпаров Садыр «Асса» кафесін іске қосса, Назым Розахунов «Хеким Food» демалыс орнын ашқан. Назымның дүниесін аралап жүріп шын мәнінде демалушыларға бар жағдай жасалғанын көзімізбен көрдік. Ерекшелігі атпен серуендеуге болады, оған қоса монша қызметі де бар екен. Ұқсата білгенге еш кедергі жоқ екендігіне куә болдық. Депутаттар ел игілігі үшін атқарылып жатқан істерге ризашылықтарын білдірді. Алайда көше атауларында ұлы тұлғалар мен республикаға танымал азаматтардың есімімен бірде-бір көшенің жоқтығына таңданыстық.

Ауылдың өзекті проблемасы таза ауыз су, тоспа және мәдениет үйі екендігін бәріміз жақсы білеміз. Бірінші мәселе шешілу үстінде десек, ал қалған екеуі кезең-кезеңімен шешімін табады деген үмітіміз бар.

(Тиірмен)

Ават ауылынан соң Тиірменге қарай бет алдық. Ауылды таза ауыз сумен қамтамасыз етуде сапалы жұмыс жүрген ауылдың бірі – осы Тиірмен. Көшелері де біршама асфальтталып, реттелген. Тоспа мәселесі алғашқы болып қолға алынып, бүгінде құжаттары рәсімделуде. Ауылдық округ әкімі Миршад Насыров қол жеткізген жетістіктерімен қатар әттеген-ай мәселелердің бар екендігіне тоқталды. Әсіресе Ұзынтам учаскесінде егістік, жайылымдық жерлерге байланысты түсініспеушіліктер туындауымен қатар, малды жайлауға шығаруда кейбір азаматтардың жайлауға кеш көшуіне байланысты наразылықтың туындауы күн тәртібінде тұрған келелі мәселелердің бір легі деуге болады. Ұзынтам ауылындағы жобалық сметалық құжаттары даярланып, сараптамадан өткен ауыз су мәселесіне тезірек қаржы бөлінсе, сонымен қатар қаржысы бөлінген модульды дәрігерлік пункт тезірек қолға алынып пайдалануға берілсе деген ұсыныстарын жеткізді тұрғындар. Тиірмен ауылында «Тугман» шаруа қожалығының төрағасы И.Савердинов 72 бас «Қазақтың ақ бас» тұқымды іріқара малын бордақылауға қойғандығын көрсетті. Ауыл тұрғыны Интизан Гуляев 6 пайызбен 3,0 млн теңге несие алып автокөлік жөндеу шеберханасын ашқан. Жеке кәсіпкер М.Кибиров өз қаражатына екі қабатты заманауы үлгідегі тойхана ашып бірнеше адамды жұмыспен қамтыған. Сән салоны мен дәріхана ашу үшін жұмыстар басталып кетіпті. Тойхана тек Тиірмен ауылын ғана емес Ават, Ақтам ауылдарының сұранысына ие екен. Екі ауылдан осындай мағлұматтар алып қайттық. Шүкір дейік, тұрғындардың айтарлары бар екен, дегенмен атқарылған жұмыстар да кісі қуанарлықтай. Биылғы жауынды-шашынды ауа-райы берекемізді мол ете түседі деген сенім бар. Екі ауылдың бақуаттылығына риза болып оралдық.

Нұрәкім ЕСЖАН,

аудандық мәслихаттың хатшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…