Басты бет Денсаулық Мамырдың мамыражай мерекесі

Мамырдың мамыражай мерекесі

0
703

Жыл сайын мамыр айында әлемнің әр түкпірінде халықаралық медбикелер күні аталып өтілетін айтулы мереке күнтізбеде белгіленген. Бұл мерекенің халықаралық дәрежеде аталып өтілуінің және ұзақ жылдан бері тойланып келде жатқандығының сыры мен тарихына тоқталып өтейік. Медбикелердің кәсіби мерекесі дәл осы күні тектен текке аталып өтілмейтіндігі айқын. Бұл күні Англия елінің азаматшысы, медбике Флоренс Найтингейл (Florence Nightingale) дүниеге келген. Ол Қырым соғысында өзі сияқты медбикелердің басын қосып, дүние жүзі бойынша тұңғыш қайырымдылық қызметін ашты. Қайырымдылық қызмет аясында олар соғыс кезінде жараланған азаматтарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, ем-дом шараларын өткізген. Медбикелер тәулік бойы Түркия мен Қырым ауруханаларында оққа ұшқан жауынгерлерді емдеп, өлімнен арашалап, аяқтарына тұрғызған. Игі көмектері үшін оларға әр кез құрмет көрсетіліп, орасан зор алғыс білдірілетін. Дәл осы қайырымдылық қызмет арқасында жауынгерлер өлімінің көрсеткіші 42%-дан 2%-ға дейін төмендетілді. Әр жылы мамыр айында бас қосатын әлемнің 141 мемлекетінің медбикелер кеңесі 1974 жылы Халықаралық медбикелер күнін 12 мамырда, яғни қайырымдылық қызметтің қазығын қаққан ағылшын медбикесінің туған күнінде атап өту керек деген шешімге келді. Содан бері әр жылдың 12 мамырында дүниежүзі бойынша Халықаралық медбикелер күні атап өтілу айнымас үрдіс болып өалыптасып қалған.

Көбінесе елеусіз қалып қалатын бұл мерекені биыл аудандық орталық аурухана басшалығы ерекше бағытта атап өтуді ұйғарған екен. Өңірдің денсаулық сақтау саласын тізгіндеуге жаңа келген басшы Айдын Молдашұлы бастаған аудандық аурухана ұжымы халықаралық медбикелер күніне орай арнайы мерекелік іс-шара ұйымдастырып, кештің қадірлі қонақтары ретінде дәл осы аурухана қабырғасында ұзақ жылдар бойы тер төгіп, еселі еңбек сіңіріп кеткен зейнеттегі медицина саласының ардагерлерін ардақтап арнайы шақырып, оларға сый-құрмет көрсетті. Осындай айтулы мерекеде бас қосып отырған медицина саласының майталмандары мен ардагерлерін және медбикелер қауымын құттықтау үшін аудандық орталық аурухана директоры Елікбаев Айдын Молдашұлы арнайы құттықтау лебізін жеткізіп, бірқатар сала мамандарын алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ аудандық орталық аурухана директорының  орынбасарлары мен кәсіподақ төрағасы да ақжарма тілектерін айтты. Ауданның денсаулық сақтау саласына өмірлерінің тең жартысын арнап, бейнетінің зейнетін көріп отырған кешегі медбикелер мен  медицина саласының мамандарының да қиындығы мол және жауапкершілігі ауыр жұмыстың қызығы мен естен кетпес сәттерін еске ала баянадаған өткен күнге деген сағынышқа толы естелік әңгімелері де ақтарылды.  Ән шырқалып, жыр төгіліп, көңілдері бір сәт серпіліп, өздері еңбек жолында шыңдалып, зейнетке шыққан ортасының бүгінгі буын  ұжымы елеп шақырған шарадан айтарлықтай әсер алып қайтқандықтарын жасыра алмады.

Халықаралық деңгейде аталып өтіліетін осы бір мерекенің жақсы дәстүр болып қалыптасуына қадам жасап, және оны атап өтуді өз ортасында ғана емес еңбегі өлшеусіз медицина саласының зейнеткерлеріне құрмет көрете отырып, үлкенді сыйлауды өнеге ете білген игі бастамасымен қолға алған аурухана ұжымының жұмысына толағай табыс тіледік.

Ақжол НҰРДӘУЛЕТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МӘМС: Алматы облысында 28 мыңға жуық ота жасалды

Алматы облысында биыл МӘМС жүйесі арқылы 27 700-ден астам ота жасалды. Жоғары технологиялы…