Басты бет Спорт Аудан арландары

Аудан арландары

0
5,226

Жуырда Алматы облысы бойынша ережесіз жекпе-жектен чемпионат ұйымдастырылып, ауданымыздың «Сhundzha Wariors Team» клубының сайыпқырандары қатысқан болатын. Аталған клубтан 6 спортшы бақ сынасып, 2 бағланымыз жүлделі орындарға ие болып, Қазақстан чемпионтаныа жолдама алды. Бұл біздің ауданымыз үшін үлкен жетістік. 13-14 жас аралығы бойынша 46 салмақ дәрежесінде Әбіш Әли ІІ орын, 8-9 жас аралығындағы 27 салмақ дәрежесі бойынша Серік Алмат жүлделі І орын иеленді. Осы жарыстан көп кешікпей Алматы облысының ашық біріншілігіне 16 бала қатысып, аудан атын тағы да аспандатты. Бұл жолы да қанжығалары бос қайтқан жоқ. Атап өтетін болсақ, топ басшысы яғни команда капитаны Меліс Әлихан, топ мүшелері Таипов Наиль, Әбіш Әли, Серік Алмат, Шатликов Шаидин, Сағатбек Ерасыл, Сарыбасов Батыржан, Тұрахан Аманжолдар жеңіс тұғырынан көрінді. Осы тұста балаларды спортқа ынталандырып, нағыз мықтылардың бағын ашуға өз септігін тигізіп жүрген жаттықтырушы Қуаныш Абдуллаевтың еңбегін екшеп айтуға болады. Алдағы уақытта ауданымыздың атын әлемге танытуды алға қойған Қуанышқа спорт жолында толағай табыс тілейміз. Жауынгерлердің саны көбейіп, сапасы артып туымыздың көкте желбіреуін нәсіп етсін.

Айдар ҚИСАБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АТ ҮСТІНДЕ АТОЙЛАҒАН ЖІГІТТЕР

Ұлттық спорт дегеніміз – жауынгерлік жаттығу. Бұған көкпар, аударыспақ, теңге ілу, садақ а…