Елдігімнің айғағы

0
680

 Тәуелсіздік –  ерлігімнің айғағы.

Тәуелсіздік – елдігімнің қаймағы.

Тәуелсіздік –  ғарыштарға жол тартқан,

Қазағымның бейнесі ол айдағы.

Тәуелсіз ел болмағанда не етер ем?!

Көрінгеннің қоржынында кетер ем.

Сәл нәрсеге қандай жарлық  болар деп,

Мәскеу жаққа жалтақтаумен өтер ем.

Тәуелсіз ел болмағанда не етер ем?!

Өз тілімді тамырымен кесер ем.

Төл тарихты, төл дәстүрді ада ғып,

Мәңгүрт мінез, диуана боп етер ем.

Тәуелсіз ел болмағанда не етер ем?

Көк Туымды қай жерде онда көтерем?

Ерлік, елдік, Алламызды ұмытып,

Өз елімнің түбіне өзім жетер ем.

Тәуелсізбін, Желтоқсаннан нәр алғам!

Тәуелсізбін, қордаланған көп арман!

Тәуелсізбін, Мәңгілік ел – мұратым!

Білге қаған мүддесінен жаралған!!!

                                                     Мұқаметқали ҚАПСАЛАНОВ,

Ақтам  орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Азаттықтың алғашқы қадамы

Республика күні –  бұл күнтізбедегі жай дата емес, ұлт рухының қайта түлеген, ел еркіндігі…