Ұлық мереке, ұлттық той

0
345

Кез келген мемлекет өз жерін кез келген қол сұғушылықтан, көз алартушылықтан қорғауға қабілетті болғанда ғана тәуелсіз бола алады. Біз сондай қабілетке қол жеткіздік. Егер бізге Тәуелсіздік оп-оңай келе қалды десек қатты қателескен болар едік. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап, зиялылар тарихтың ақтаңдақтарын ашып, өзімізге тиеселі жерді иеленуге қаншама рет әрекет жасады. Сол әрекеттері үшін жандарын қиды, тұқымдары тұздай құрыды. Сол себепті Тәуелсіздік жариялаған сәттен бастап мемлекет шешкен аса маңызды міндеттердің ішінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік тіл, ұлттық құндылықтарға қатысты мәселелер бәрінен биік тұруы керек болды.

Қазақстан – көп ұлтты тәуелсіз мемлекет. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады. Республика шығысында Алтай тауларынан басталып, батысында Каспий ойпатына, ал Солтүстігінде Батыс Сібірден оңтүстігінде Тянь-Шань (Ереңқабырға) шыңдарына дейін созылып жатыр. Қазақстан жерінің өте үлкендігінен әр аймағының табиғаты бір-біріне ұқсамайды, біркелкі емес. Оңтүстігінде ағаштар гүлдеп, жер көгергенде, солтүстігінде әлі қар жатады. Біздің елдің оңтүстік облыстарында жылуды жақсы көретін күріш, қант қызылшасы, мақта, жеміс түрлері, әртүрлі дәрілік шөптер мен өсімдіктер өседі. Бұл аймақтарда жаңбыр аз жауады, жазы ыстық әрі құрғақ болады. Бірақ ол аймақтың байлығы – тау өзендерінің мол суы.
Республиканың солтүстік аудандарында астық пен көкөністер жақсы өседі. Мұнда жауын-шашын мол, жазы да ыстық емес.
Республикамыз мәдениеті мен ғылымы қатар өркендеген өркениетті елдердің қатарына қосылуға ұмтылып келеді. Оған барлық мүмкіндіктер жасалған. Еңбек етіп, тіршілік жасаймын деген адам өз шаруасын да дөңгелете алады. Біз осындай Алланың нұры жауған, табиғаты таңғажайып, жер асты, жер үсті байлығын үйіп-төгіп берген керемет елде өмір сүреміз. Бұдан артық қандай байлық керек адамға?..

Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Осы жылдар ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл – атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласы жарық көрді. Президент егемендіктің 30 жылдығына қорытынды жасап, болашақтың бағдарын айқындап берді. Биыл – Тəуелсіздігіміздің ордалы 30 жылдығы. Бұл – ұлық мереке, ұлттық той. Осы уақыт аралығында еліміз қандай биіктерді бағындырды, қандай қиындықтарды еңсерді. Оған өзіміз куәміз. Мемлекеттің саясаты ең алдымен еліміздің рухани дамуы мен патриоттық тәрбиеге бағытталған. «Рухани жаңғыру» негізінде жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалардың бірі – «Туған жер». Ал туған жерге ең алдымен тағзым ету, сонан соң оның көркеюі үшін тер төгу бәріміздің міндетіміз. Өзім мектепте мұғаліммін. Ертеңгі ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін еңбектеніп келемін. Бұл жолда бала санасына патриоттық сезім мен Отанды сүю жөніндегі әңгіме күнделікті айтылуы тиіс деп ойлаймын. Тәуелсіздік тақырыбы күн тәртібінен түспей, тал шыбықтай болып қалыптасып келе жатқан бала бойына өзінің таза ұрығын сепкенде ғана егемендігіміз мәңгілік болмақшы. Білім саласының маманы ретінде ең алдымен оқушы бойына ұлттық рухты, бабалардан қалған намысшылдықты, ар мен ожданды сіңіруді азаматтық парызым санаймын.

Гүлмира ӘБДІМАНОВА,

Абай атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МУСТӘҚИЛЛИК ПАРАВӘНЛИГИМИЗНИҢ АСАСИ

Әтә елимиз Қазақстан хәлқиниң «Жумһурийәт мәйрими» күни нишанлиниду. Мәзкүр сәрләвһә әтрап…