Киелі, ұлы даламды мақтан етем,
Аманат боп біздерге Сақтан жеткен.
Көк түркіден бастау алған тамыры,
Бабалардың тілеуін ақтап өтем.
Бостандықты аңсаған, барып жеккен,
Талай батыр ерлерді алып өткен.
Ахмет, Сәкен, Мағжандар «жау» аталып,
Ұлт үшін жанын беріп, қанын төккен.
Жүректегі армандар алдамады,
Қуантты үміт оты маздағаны.
Еркіндікке қол жетіп, марқайтты ғой,
Еркіндіктің қыраны самғағаны.
Ең бастысы құқықтық құжатым бар,
Азат деген ұлықтар ұлы атым бар.
ЭКСПОда әлемді таңғалдырған,
Астанам бар жауһардай жыр оқылар.
Еркіндіктің нышанын айшықтаған.
Көгімде көк туым тұр желбіреген.
Елтаңбам тарихымды айтып маған,
Дәстүрім дәріптелді елдігіммен.
Өнегелі ғұмыры тұлғалардың,
Баға жетпес байлығы бұл даламның.
Азат күнім әрдайым көкте күліп,
Тәуелсіздік болсын тек жырлағаным.
Елі сүйген, Елім деген – Елбасым бар,
Құтты болсын, мерейтойың Ұлы далам!
Құрметтеп, қастерлейтін мың жасың бар,
Еркіндікті мықты ұстар мен бір балаң!
Сажидам ВАЖИТОВА,
Дардамты орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі