Сайлауға тек партия немесе қоғамдық бірлестіктен шыққан кандидат қатысуға құқылы. Осындай жаңа заң жобасын Мәжіліс мақұлдады.
-Соңғы кезде президент сайлауына кім көрінген, ақыл-есінде ауытқуы бар адамдар қатысатын болған. Олар саяси доданы жеке мақсатына пайдаланады, сол арқылы атын шығаруды көздейді. Егер үміткерді партия ұсынса, сайлаудың қоғамдағы рөлі де артады.
Ал саяси ұйым міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Және үміткердің кем дегенде 5 жыл тәжірибесі болуы керек. Сондай-ақ, кандидат орталық сайлау комиссиясына дені сау екенін дәлелдейтін анықтама өткізеді. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі президенттіктен үміткерлерге қойылатын медициналық талаптардың тізімін дайындап жатыр.