Басты бет Әлеумет Қазақстанда киіктер тәулік бойы күзетілуде — Асқар Мырзахметов

Қазақстанда киіктер тәулік бойы күзетілуде — Асқар Мырзахметов

0
1,789

Киіктердің саны былтырғыға қарағанда артты. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов мәлім етті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісіне  сілтеме  жасаған  Kazgazeta.kz.

«Киіктердің жаппай қырылуы орын алғаннан кейін біз осы жануарларды қорғау тәсілін қайта қарастырдық. Соңғы санақтың мәліметтері өкен жылға тиесілі, ал биыл санақ сәуірде өткендіктен, оның қорытындысы әлі шығарылған жоқ. Жинақталған мәліметтер өңделіп жатыр. Былтырғы санақтың қорытындысы бойынша 108 мыңнан астам киік бар, оның басым бөлігі Орал таралымында, одан кейін Бетпақдала популяциясы бар. Ал Үстірт таралымыда киік әлдеқайда азайған», -деді Мырзахметов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда талқылау барысында.

Оның сөзіне қарағанда, киіктер санының азаюына, сонымен қатар олардың шағын топтарға бөлініп кетуіне байланысты қорғау тәселдерін қайта қарауға тура келді.

Осы орайда «Охотзоопромның» мүмкіндіктері күшейтілді. Бүгінде бұл мекемеде 200-ден астам инспектор жұмыс істейтін болса, соның 160-қа жуығы киіктерді қорғауға жұмылдырылды. Бұл ретте жануарларды тәулік бойы күзету тәртібі іске асырылуда.

«Киіктерді қорғауға ғалымдарды да тартудамыз. Олардың берген ұсыныстарын ескере отырып, атқарылып жатқан шаралар жануарлардың санын көбейтуге ықпал етеді деп ойлаймыз. Биылғы санақтың нақты қорытындысы шығарылған жоқ, алайда киіктердің саны былтырға қарағанда артқанын байқаудамыз»,-деп түйіндеді сөзін Мырзахметов.

Еске салсақ, 2015 жылы үш өңірде 134 мың киік қырылды. 2013 жылы Қостанай, Ақтөбе, Ақмола облыстарында пастереллезден — 1,5 мың, 2012 жылы — 1 мың, 2010 жылы 12 мыңға жуық киік қырылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекел…