27-30 сәуір аралығында Алматы облысында аумақтық партия филиалдарының есеп беру сайлау конференциялары өтуде. Алғашқылардың бірі болып Қарасай, Іле, Ұйғыр, Райымбек аудандарында өтіп, шараның біріне облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева қатысты.
Онлайн-офлайн өткен конференция барысында аумақтық партия филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдардағы атқарған жұмысы және алдағы міндеттері туралы, аудандық Саяси Кеңес құрамын бекіту және Алматы облыстық партия филиалының XXVIII есеп беру-сайлау конференциясы шақырылуына байланысты аудандық филиал атынан делегаттарды сайлау мәселелері қаралды.
Конференция соңынан аудандық партия ұйымдарының Саяси Кеңесінің бірінші ашық отырысы өткізіліп, ұйымдық мәселе қаралды. «Nur Otan» партиясы Жарғысының 9.4. тармағына сәйкес, аудандық партия филиаларының Саяси кеңесі Бюросының жаңа құрамын сайлауы қаралып дауыс беру нәтижесімен құрамы бірауыздан бекітілді.
Назарларыңыза сала кетсек, Алматы облысында Өңірде 86 866 партия мүшесін бір арнаға тоғыстырған 316 бастауыш партия ұйымы бар, оның құрамын 2555 партиялық топ кіреді. Облыстық партия филиалының есеп-беру сайлау конференциясы ағымдағы жылдың 13 мамырына жоспарланған.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Кітап сыйлау – рухани құндылықты бөлісу!
25 қазан – Республика күніне орай Кіші Дихан ауылдық кітапханасында «Саған кітап арнадым» … -
Республика күніне орай «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында «Саған кітап арнадым» республикалық акциясы басталды!
📖 Акцияның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырмандар арасында кітап сы… -
Республика күніне орай велоспорт жарысы өтеді
Құрметті аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері және аудан қонақтары! Сіздерді 25 қазан – …
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
БАСПАСӨЗ – 2027
РУХАНИ ҚҰЛДЫРАУДАН ШЫҒАТЫН ЖОЛ Дүниеде ең жаман нәрсе адамдардың рухани құлдырауы. Оны әрк…
