Басты бет Әлеумет Үкіметтік емес ұйымдардың назарына!

Үкіметтік емес ұйымдардың назарына!

0
2,113

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2021 жылғы  31 наурызға дейін ҮЕҰ дерек қорына кезекті есепті кезең өтетінін хабарлайды.
2018 жылғы 13 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ҮЕҰ дерек қорына мәліметтерді ұсынуға тиісті ұйымдардың тізбесі нақтыланған.
Анықтама:
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41 бабының 5 тармағына сәйкес:
Жекеше мекеме, қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қоғамдық, корпоративтік және жекеше қорлар, заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдарымен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздерi және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
«Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабына сәйкес есепті кезең басталғанға дейін және есепті кезең ішінде өз қызметін қайта бастамаған, сондай-ақ тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысында салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған үкіметтік емес ұйымдар үкіметтік емес ұйымдар дерек қорына өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсынбайды».
Жалпы, ҮЕҰ дерек қоры бойынша барлық ақпарат infonpo.gov.kz интернет-порталында орналастырылған.
ҮЕҰ дерек қорына ұсынылған мәліметтердің уақытылығы, толықтығы және нақтылығы тексеріледі. Ескертулер болған жағдайда мәліметтерҮЕҰ-ға пысықтау үшін қайтарылады.

Толтырылған Нысанды (кестені) қағаз түрінде ілеспе хатпен ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне (010000, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, «Министрліктер Үйі», 15-кіреберіс) жолдауға болады.

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес ҮЕҰ Дерек қорына мәліметтерді 2021 жылғы 31 наурызға дейін ұсыну қажет екенін естеріңізге саламыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8(7172) 74-04-20, 64-25-24 нөмірлері бойынша немесе электрондық поштаға жаза отырып хабарласа аласыз support@infonpo.kz.

2020 жыл бойынша мәліметтер ұсынған және ҮЕҰ дерек қорына енгізілгенҮЕҰ-ның тізімін infonpo.gov.kz порталында өңірлер бойынша көруге болатынын қосымша жеткіземіз (есеп кезеңінде «2020 жылды» және тиісті өңірді таңдау қажет).

«Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекел…