Басты бет Сайлау 2021 НАҒЫЗ ХАЛЫҚТЫҚ ПАРТИЯ

НАҒЫЗ ХАЛЫҚТЫҚ ПАРТИЯ

0
617

«Nur Otan» партиясы алғашқы құрылған күннен тың бастамалар көтеріп, жауапты шешімдер қабылдауға ұйытқы болып келеді. Әрі партия елмен етене қайнасып, халықтың мүддесін жеткізіп жүрген бірден-бір қоғамдық ұйым болып табылады. Бүгінде «Nur Otan» нағыз халықтық партия екенін көрсетіп келе жатқанын көріп отырмыз. Сол себепті өткен сайлаулардың бәрінде көпшіліктің сеніміне ие болып отыр, – деген Елбасының сөзі әр көкіректе жаңғырып тұрғанын жасыруға болмас.


Қазақстандағы бұқаралық партияға айналған бірден-бір саяси партия «Nur Otan» партиясын Қазақстан халқы таңдады.
Біріншіден, билік партиясын сол кездегі мемлекет басшысының басқаруы оған деген барша халықтың сенімін күшейтті.
Екіншіден. «Nur Otan» партиясының халықпен тығыз жұмыс істеуіне барлық мүмкіндіктер болды.
Үшіншіден, Қазақстан халқы елдің Кеңес Одағы күйрегеннен кейінгі дағдарыстан тез шығуын, экономикалық даму қарқыны жағынан Қазақстанның ТМД елдерінде алдыңғы орынға шығуын, ел халқының әл-ауқатының нақты жақсаруын билік партиясы істерімен байланыстырды.
Төртіншіден, Қазақстанның ақпараттық кеңістігіндегі басым мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары «Nur Otan» партиясын насихаттады. Оның жетістіктеріндегі рөлін өте кең түрде халық санасына сіңірді. Әсіресе теледидардағы шаралар, журналдар, клиптер билік партиясының позитивті образын қалыптастырды.
Бесіншіден, «Nur Otan» партиясының бағдарламасы Қазақстан халқы көксеген өркениетті, дамыған мемлекетті құру мәселесін күн тәртібіне дұрыс қоя білді.
Билік партиясының дамыған мемлекеттер үлгісімен елді дамыту мақсаты Қазақстан халқының қолдауына жеткізді. Халық «Nur Otan» партиясы қоғамды демократияландыру саясатын күшейту талабын түсінді. Ол үшін партия экономикалық реформаларды жаңғырту, саяси реформаларды тереңдету арқылы билік жүйесін демократияландыру, адамдардың өмір сүру деңгейін үнемі көтеру, әлеуметтік әділеттілік қатынастарын бекіту, этносаралық келісімді және саяси тұрақтылықты сақтау сияқты өзекті саяси міндеттерді шешіп отыру керек болды. «Nur Otan» партиясы осы аталған мақсаттардың орындалуының нақты міндеттері мен жолдарын белгілей алды. Сонымен қатар «Nur Otan» идеологиялық мәселелердің шешуіне де ден қояды. Мемлекеттік міндеттер мен мақсаттар тек халықтың қолдауына ие болғанда ғана іске асатындығын «Nur Otan» мүшелері жақсы түсінеді. Сондықтан қоғамның үйлесімді дамуын қамтамасыз ету жолында азаматтарда өндірістік жауапкершілікті, тәртіпті, әлеуметтік белсенділікті және отансүйгіштікті тәрбиелеу шараларын «Nur Otan» партиясы бұқаралық көлемде ұдайы ұйымдастырумен айналысады. Партия әсіресе қазақстандық патриотизм рухын тәрбиелеу мәселелеріне ерекше ден қойды.
Алдағы Мәжіліс және Мәслихат сайлауының елеулі және тарихи оқиға жылында өтетіндігін білеміз. белгілі «Nur Otan» партиясымен бірге Қазақстан халқы көп нәрсеге қол жеткізді. Сол себепті біздің партия бүгіні мен ертеңін болжап қойған саяси керемет күш деп білемін. Ұлы Конфуций айтқан екен: «Халықты басқарғың келсе, оның соңынан ер» – деп, яғни біздің тереңнен
ойластырған стратегиямыз болашаққа деген жоспарымыз бар, елімізді, ұрпағымызды тек алға бастау үшін қоғамымызды қалыптастырып, алдымызға үлкен мақсат қойып отырмыз. Осындай уақыт ішінде біз бүкіл әлемге танымал болып үлгердік. Біздің керемет елде, керемет жерде, керемет кезеңде өмір сүріп отырғанымыз айдан анық. Тәуелсіздігіміздің алғашқы кезеңдері біз үшін қиын жылдар болғаны белгілі. Көптеген дағдарыстарды басымыздан өткіздік. Соған қарамастан біздің міндетіміз – елімізді, жерімізді шаттыққа толы шаңыраққа уайымсыз ұрпаққа айналдыру. Өз елінің патриоты – елінің кем-кетігін көре білетін, мұң-мұқтажын түсіне білетін, елім деп еңіреп, жерім деп жылай білу керек. Біз – көп ұлтты мемлекетпіз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, тарихымыз – бізді бірлікке, ұлтжандылыққа, еңбексүйгіштікке, біртұтастыққа бастамақшы. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» – демекші партия бізді ауызбіршілікке тәрбиелеуде. Соның арқасында біз көп қиындықтарды еңсердік. Әлі де алынбаған асу, бағындырар белестеріміз көп деп ойлаймын. Сол үшін барлықтарыңызды алдағы сайлауда дауыс беріп, азаматтық борыштарыңызды атқаруға шақырамын. Сайлау – жалпыұлттық іс деп білемін.

Берікбай АТАГЕЛДИЕВ,
аудандық мәслихат депутаттығына кандидат

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

САЯСИ НАУҚАН ЕРЕКШЕ

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қарсаңында ел ішінде сайлауалды науқан басталды. Ауданымызд…