Басты бет Сайлау 2021 Партияның ардагерімен кездесу

Партияның ардагерімен кездесу

0
444

«Nur Otan» партиясы – еліміздегі саяси және экономикалық реформалардың басты бастамашысы және іске асырушысы. Қандай жағдай болмасын «Nur Otan» партиясы халықтың пікіріне сүйенеді. Осы орайда аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Еркебұлан Нұржақыпов  17 желтоқсан күні ауданымыздың құрметті азаматы, ақын, көптеген шәкіртті үлкен өмір жолына қанаттандырып ұшырған Мамытхан Құдайбергеновтің үйіне барып, «Nur Otan» партиясы жайлы әңгімелесті. 


Ұзақ жылдық педагогтік өтілінде Мамытхан ағамыздың алдынан қаншама дарынды балалар өтті. Әдебиетке құмар, ақындыққа жақындарын ағайымыз әрі қарай олардың таланттарын талаптандыра отырып, үлкен әдеби ортаға қосты. «Шерханның щекпенінен шыққандар» деген әдеби ортада қағидат қалыптасқан. Ол белгілі бір мезгілде Шерхан Мұртазаның тәрбиесі, тәлімін көрген өте дарынды журналистер шоғыры жайында еді. Соған балама ретінде бізде де «Мамытхан маңдайынан сипаған» бір емес бірнеше буын өкілдері бар. Әдебиетке жандары жақын, өлең десе өрелері өрге шыққан, өнерде өзіндік белгілері бар бірталай жас қазір елімізге танымал ақын, тілші, өнер майталмандары. Кішкентайынан мәпелеп, айтыс өнеріне қосқан Бақыт Беделханы – қазір талайды аузына қаратқан, таңдайына Аллам таусылмайтын сөз салған талантты ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары, мықты драматург.
Мамытхан ағаның «Nur Otan» партиясы туралы да айтары көп екен. Еркебұланға ақ батасын беріп, партияның арқасында мемлекетіміздің талай асуларды бағындырып, бүгінгідей тамаша өмір сүруімізге кепіл болғандығын майын тамызып әңгімеледі. Партияның көшбасшылығын, оның алдағы сайлауда да жеңіске жететіндігіне сенімін жеткізді. Тек ұстаздық қана етпей басшылық қызметтерде болған Мамытхан ағай партияның алғашқы құрылған күнінен бастап оның даму жолдарын сатылап әңгімелеп берді. Еркебұландай жас талапкердің бағына қарай партияның жастардың нағыз қолдаушысы екендігін, үлкен додада оның беделі бәрінен биік болатындығын да жасырмады. Еркебұлан Нұржақыпов партия атынан үгіт-насихат жұмысымен келгендіктен оның жас мүшесі ретінде «Nur Otan» партиясының бүгінгі жастарға көрсетіп отырған бағыт, бағдарын айтып берді. Алдағы сайлауда «Nur Otan»ның жеңіске жететіндігіне, осылайша гүлденген мемлекетіміздің одан әрі озық елдермен иық тірестіре алатындығына сендірді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

САЯСИ НАУҚАН ЕРЕКШЕ

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қарсаңында ел ішінде сайлауалды науқан басталды. Ауданымызд…