Басты бет Сайлау 2021 КӨПТІ КӨРГЕН КӨНЕКӨЗ

КӨПТІ КӨРГЕН КӨНЕКӨЗ

0
589

«Есіктен есікке» акциясы аясында Кепебұлақ ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы, ұлағатты ұстаз Төлен аға Оспанбаевтың үйіне барған үгіт-насихат тобының мүшелері Нұрәкім Есжан, Арлен Османов, Зайнидин Тохсунов алдағы сайлаудың бағдарламасымен таныстырды. Көзі қарақты ағамыз өзі де саяси науқаннан хабардар екендігін танытып, Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығындағы «Nur Otan» партиясының күшті, қуатты, мықты екендігін жеткізді. Көпті көрген, көкірегіне түйген ақсақалдың әңгімесі үміткерлердің үмітін үкілей түсті. Ақсақал шын мәнінде өз мүддесін қорғайтын партияға сенім артты, сондай-ақ, бұл партияның болашағының зор екендігіне күмән келтірмеді. Партияның сайлауалды бағдарламасының мәні мен маңызын түсіндіру үшін белсенді насихат тобына алғысын айтты. Халық Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партиясы болғандықтан да, «Nur Otan»ға сенеді, көпшіліктің ықыласы ерекше бөлек. «Nur Otan»-ның белсендісі ретінде өзінің еңбек жолынан да хабардар етті. Кепебұлақ ауылында шағын және орта кәсіпкерліктің дамымай отырғандығын, сондықтан жастардың ауылда қалғылары келмей қалаға қарай ағылып жатқандығын аса бір қынжылыспен жеткізді. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» демекші Төлен ағаның әңгімесі үгіт-насихат тобының адамдарына жақсы жағынан әсер етті. Алдағы сайлауға міндетті түрде баратындығын және биліктің партиясына дауыс беретіндігін айтып, үміткерлерді шығарып салды.

Толғанай ҚАЙРАТҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

САЯСИ НАУҚАН ЕРЕКШЕ

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қарсаңында ел ішінде сайлауалды науқан басталды. Ауданымызд…