
Біз бүгін #oqy&toqy айдарында шетелдіктерге Қазақстанда еңбек етуге рұқсат алу үшін не істеу керектігін айтып бермекпіз. Ол үшін шетел азаматтары:
Ең алдымен өзі уақытша тіркелген ХҚО-ға кезекті алдын ала брондап, белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келуі керек;
Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы еңбек етуге рұқсат алуы тиіс:
Егер бірінші рет рұқсат алып тұрған болса
Өтініш пен рұқсат бергені туралы қабылдаушы жақтың сауалнамасы
Қызмет ақысы төленгені туралы түбіртек
Жеке басты куәландыратын құжат
Саусақ іздері мен суретке түсу процесінен өткені туралы құжаттың түпнұсқасы
Медициналық сақтандыру құжаты
086 үлгісіндегі медициналық анықтама
Егер бұрын рұқсат алынған болса, саусақ іздері құжаты мен медициналық анықтаманы ұсыну керек емес. Бірақ қабылдаушы тараптың типтік келісімшарты қажет болады
Қызмет кұны:
айға – 2 АЕК (5 556 тг)
айға – 4 АЕК (11 112 тг)
айға – 6 АЕК (16 668 тг)
Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда — 1 жұмыс күні