Басты бет Әлеумет Жақсылық хабар жылт етті

Жақсылық хабар жылт етті

0
885

Жер-жаһанды бәр сәтте өз құрсауына алған коронавирусқа қарсы біздің елде 16 наурыз күнінен төтенше жағдай жарияланған. Бұл халқымыздың денсаулығын сақтау, жұқпалы аурудың кеңінен етек жаймауы үшін жасалған игі шара болатын. Күнделікті табыстарын күнде тауып жүргендер үшін әрине өте қиын болды. Дегенмен мемлекет дағдарыс мезгілінде еңбекақысыз, табыссыз қалғандарға қаржылай, азық-түлікпен жақсы жәрдем көрсетті. Шүкір, осындай сәтте барша қазақстандықтар бірліктерін, татулықтарын танытты. Қауіпті аурудың кең таралып кетпеуі үшін үлкен қалалар емес, біз сияқты шағын ауылдардың ара қатынастары тоқтатылды. Айтылған ережені бұлжытпай орындап, адамдар көп топталған жерлерге бармауды үйрендік. Қасиетті оразаны да әрқайсысымыз үйімізде қарсы алып, ауызашарды да әдеттегідей көп адам жинамай, өз отбасымызбен өткізіп жатырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін өз халқына тағы да мәлімдеме жасады. Біртіндеп өнеркәсіптер, әуежолдары қатынастары өз жұмыстарын бастайтындығын айтты. Біздің отбасымыз сияқты ауылшаруашылығымен айналысатындардың көктемгі егіс жұмыстарына кедергі келтірілмейтіндігін нақтылап түсіндірді. Шүкір, ауыр күндер артта қалып, жұқпалы аурдың ошағы мүлдем өшсін деп тілейік. Індет көп шықпаған біздікі сияқты аудандар қалыпты жұмыстарын жалғастыратын болсақ, аз уақыттық дағдарысты жеңетінімізге сенім мол. 11 мамырға дейін экономистер, ұлттық банк нақты шараларды қарастырып, еліміздің қайта гүлденетін жолдарын ұсынатын болды. Алғы шепте болған дәрігерлер, өз жұмыстарын бір күн де тоқтатпаған журалистер қауымына алғысын айтты. Мен де еліміздің бұл өткінші қиындықтардан шығатынына және өзіміз үйренген тәртіпте еңбек ететінімізге сенемін. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың осындай қиын-қыстаудан шығатын жол тапқан білімі мен тәжірибесіне ризамын. Бір біріге отырып барлық кедергілерден өтеміз. Біз біргеміз.

Тұрсынхан НҰРПЕЙІСОВА,

Кіші Ақсу мектебінің мұғалімі

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…