Басты бет Әлеумет Біз біргеміз

Біз біргеміз

0
1,564

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаһан жұртшылығын әбігерге салған қатерлі індеттің елмізде кең көлемде таралып кетпеуі үшін төтенше жағдай режимін биылғы жылдың 11 мамырына дейін ұзартты.Карантиннің аяқталуын күтіп отырған халықты сабырға шақырып, мемлекет тарапынан жасалып жатқан ауқымды істерді атап өтті. Осы уақытқа дейін табыссыз қалған азаматтарға 42 500 теңгеден әлеуметтік көмек тағайындалып,  борышкерлердің несиесі шегерілгені  баршамызға аян. Сонымен қатар тұрмыс деңгейі төмен отбасыларға азық-түлік үлестірілген болатын.  Мемлекет басшысы халықтың қамы үшін жасалған бұл әрекеттер әрмен  қарай жалғасын табатынын жеткізіп жұмыссыз отырған көптеген азаматтарды қуантты.

Басты міндет – азаматтарымыздың денсаулығын сақтап, өмірін қорғап қалу екендігін ескеріп,  халыққа карантин кезіндегі бекітілген барлық  ережелерді қатаң сақтап жүру қажеттігін тағыда басып айтты. Президентіміз «Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды» —  деген уәдесінде тұрып көптеген көмектер ұйымдастырғанын әліде  жалғасын табатынын жеткізді. Елдің қамы үшін жасалып жатқан бұл игі істер қайырлы болып, бұл белесті де ел болып бірге еңсеретінімізге сеніміміз мол.

Алтынгүл МУСЛИМОВА,

көп балалы ана, ұстаз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…