Басты бет Әлеумет Жүргізуші куәлігін рәсімдеу реті жеңілдеді

Жүргізуші куәлігін рәсімдеу реті жеңілдеді

0
1,656

БАСПАСӨЗ
ХАБАРЛАМАСЫ

19 тамыз                                                                    Нұр-Сұлтан қ.

Жүргізуші куәлігін алатын көлік иелері үшін медициналық
тексерістен өту реті жеңілдеді. «Азаматтарға арналған үкімет» көлік жүргізуге
рұқсат беретін құжатты алу үшін талап етілетін 083 үлгісіндегі медициналық анықтамаға
өзгерістер енгенін хабарлайды.  

Бұдан былай жүргізуші куәлігін рәсімдеу барысындағы медициналық
комиссия құрамы 7 дәрігерден 4-ке дейін қысқарды. Енді терапевт, окулист,    оториноларинголог, психиатр-нарколог
дәрігерлерінің тексерісінен өту жеткілікті. Сондай-ақ қан, дәрет талдамасы,
флюрография, психоактивті заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдерді
тапсыру қажет емес.

Медициналық тексеріс барысында терапевт дәрігер қандайда
аурулардың бар/жоғын «Диспансерлі науқастардың электронды тізілімі» ақпараттық
жүйесі, ал психиатриялық немесе наркологиялық диспансерлердің есебінде тұрмауы жөнідегі
ақпаратты мәліметтер базасы арқылы, сондай-ақ диспансерлердің анықтамасы
негізінде тексере алады. 

Айта кетейік, бүгінде жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық
анықтама үш жағдайда талап етіледі:

  • Жүргізуші куәлігін бірінші рет рәсімдеу барысында;
  • Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткенде;
  • Жүргізуші куәлігінен айырылғандар құжатты қайта рәсімдегенде.

Жыл басынан бері 337 мың қазақстандық жүргізуші куәлігін
алды. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…