Басты бет Рухани жаңғыру Жазумен жаңғыруымыз қажет

Жазумен жаңғыруымыз қажет

0
885

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында бірқатар шаруалар атқаралып, өткендеріміз қайта жаңғыруда. Ондағы барлық бағдарламаның маңызы мен мазмұндылығын түсінген қазақстандықтар да өз үлестерін қосып, рухани құндылықтарымызға терең үңілуде. Ал ұлттығымызды, тілімізді қайта жаңғырту жолында латын графикасына өту де қызу жүргізіліп келеді. Бұған дейін бірнеше рет түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, латын графикасының бірқатар үлгілері халыққа ұсынылған болатын. Мұндағы негізгі мақсаттың түп-тамырына үңілген жұртшылық қолдау танытып, білімдерін жетілдіруде десек қателеспейміз.

Латын графикасының халық үшін, ұлт үшін маңыздылығын түсіндіріп, өткен ғасырларға сапар шегіп, латын әліпбиінің шығу тарихы жайында баяндама жасаған, дыбыс пен әріптің жазылуы, оқылуы жайында хабар берген арнайы ақпараттық түсіндіру тобы Тасқарасу, Шарын ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесудің тізгінін ұстаған аудан әкімінің орынбасары Дәулетжан Деменбаев кездесуге келген қонақтармен таныстырып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізінде, латын графикасы жайында сөз қозғады. Сонан соң алғаш сөз кезегін облыстық «Өлке тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мейрам Жанәділовке берді. Ол ең бірінші өркениетті, дамыған мемлекеттердің қатарына кіру үшін латын графикасының маңызы зор, екіншіден ұлттық құндылығымызды қалыптастыру, тілімізді сақтап қалу жолында тигізер септігінің айрықша екендігін жеткізді. Сонымен қатар қазіргі уақытта жер-су атаулары мен жарнамалар латын графикасында жазылып, біртіндеп көшу жүйесінің жүргізіліп жатқандығын ескертті. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Туғанай Рахымберлина сөз кезегінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы барша қазақстандықтардың алдағы мақсат-міндеттерін айқындап бергендігін айтып, соның бірі – латын графикасы екендігін жеткізді. Осы бағытта облыста атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, латын графикасын қолдану, оқу, жазу жайында баяндама жасады. Кездесуге арнайы келген басты қонақтардың бірі қазақ жазуының шығу тарихы жайында баяндаса, екіншісі қазақ емлесінің негізгі ережелерімен ауыл халқын таныстырды. Атап айтқанда, А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Гүлжиһан Көбенова ерте ғасырдағы, орта ғасырдағы, Қазақ хандығындағы, Ресей бодандығындағы, Кеңес дәуіріндегі қазақ жазуының тарихына кеңінен тоқталып, ондағы сөздердің дыбысталуының ерекшеліктерін жіктеп түсіндірсе, аталмыш институттың аға ғылыми қызметкері Дана Пашан латын графикасына өткенде қазақ емлесінде болатын өзгерістерден хабар беріп, нақты мысалдар келтірді. Сайып келгенде орыс тілінен тікелей аударылған сөздердің бүгінгі қолданыста дыбысталуы, бабалардан бүгінге жеткен кейбір сөздердің қайта жаңғыруы сияқты мәселелерді де қозғады. Баяндамашыларға ауыл тұрғындары қосымша сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алып, өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Латын графикасының бүгініміз бен ертеңімізге қажеттілігі жайлы әңгіме кеңінен қаузалып, ой қосылып, қорытынды шығарылды.

Думан
САРТБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…