Басты бет Басты ақпарат ЖАЗ ҚЫЗЫҒЫ ЖАЙДАРЛЫ

ЖАЗ ҚЫЗЫҒЫ ЖАЙДАРЛЫ

0
1,294

Оқу жылы аяқталып, абыр-сабыр болып жүріп, жазғы демалыстың нақ ортасына келгенімізді сезбей қалдық. Дегенмен жаздың жайдарлы күнінде оқушылар демалысын тамаша, әрі қызықты өткізіп жатқанына біз сенімдіміз. Оған дәлел жыл сайын мектеп жанында болатын лагерьдің биылғы жылы бұрынғыдан өзгеше болып жатқандығы. Мұны көзбен көріп, жаңашылдық енгізген білім бөлімінің қызметкерлеріне ризашылық таныттық.


Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын тиімді пайдалануына және сауықтырылуы мен демалысы үшін қажетті жағдай жасау мақсатында аудандық білім бөлімі мектеп жанында өтетін лагерьлерді арнайы орындарда өткізуді қолға алып, жоспарға сәйкес жұмыс атқарып жатқан көрінеді. Нақтырақ айтқанда, ауданның жоғарғы бөлігінде орналасқан ауылдардағы мектеп оқушылары үшін лагерь Арасан учаскесіне қарасты «Рехимжан» демалыс орнында өткізілуде. Мұнда балалардың денсаулығын нығайтуға, шығармашылық, қабілеттерін арттыруға қажетті жағдайлар жасалуда. Бүгінгі таңда аталмыш демалыс орнында 130 бала жазғы демалысын қызықты өткізіп отыр.
Балалардың демалысын арнайы бақылап қайтқан аудандық білім бөлімінің қызметкерлерімен бірге біз де барған едік. Астана күнінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған арнайы концерттік бағдарламаның үстінен түстік. «Балдәурен» жазғы лагерінің демалушылары қызу дайындықпен мерекелік шараларын да бастады. Олардың арасында күміс көмей әнші де, мың бұралған биші де, мәнерлете өлең оқитын өнерпаздар да бар екендігіне қуандық. Аудандық білім бөлімінің басшысы Адилжан Ашировтан балалардың демалысы жайында сұрап білгеннен соң, жылдағыдан өзгеше өтіп жатқан биылғы лагерьдің ерекшелігі жайында айтып, келесі жылы мұны тағы да ұлғайту жолын қарастыратындығын жеткізді. Сондай-ақ балаларға сәттілік тілеп, жүрекжарды лебізін жолдады. Қазіргі уақытта балалардың жазғы демалыспен қамтылуы – бұл тек әлеуметтік қорғау емес, заманауи өмірді ескере отырып, жасөспірімдердің әлеуметтенуі үшін жағдай жасау, шығармашылықты дамыту және балалардың танымдық, рухани әлемін байыту маңызды дүние. Себебі бүгінгі жас ұрпақ – еліміздің ертеңі, Отанымыздың болашағы.

Думан
САРТБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент өңірдегі құтқарушылармен, еріктілермен және кәсіпкерлермен кездесті

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында су тасқынынан з…