Кеше Елбасына 18 жаңа кітап пен оқу әдістемесі таныстырылады.
Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша жасалған жұмыс нәтижелері таныстырылды, деп хабарлайды BNews.kz.
«Бүгін басылып шығып жатқан оқулықтармен біздің қазақтілді балалар әлі таныс емес. Сондықтан біз біріншіден қазақ тілін байытып, екіншіден білім беру саласын осылайша одан әрі жетілдіруіміз керек. Біз осы жобаны талқылау үшін жиналып отырмыз», — деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының таныстырылымы барысында.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты жобаларының бірі «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Біз 18 кітап пен оқу әдістемелерін ұсынып отырмыз, — деді Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
Кітаптар ғылыми білімнің кең ауқымын қамтиды, оның ішінде философия, әлеуметтану, тілдерді оқыту, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, антропология, журналистика мен т.б салалар бар.
2018 жылдың 12 сәуірінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына бір жыл толып отыр. Осы бағадрламада «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы туралы айтылған еді, – деп хабарлайды BNews.kz.