Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Іле ауданыны алдына міндеттер қойды.
Бірінші. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу. Аудан кәсіпорындары үнемі жаңа технологияларды табуға және енгізуге, өндірісті жаңғырту жұмыстарын дамыту.
«Ауданда «Қазақстанда жасалынған» әлемдік бренді бар 3 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс атқарады. Олар: «Данон Беркут», «Джей Ти Ай Казахстан» және «Филип Моррис Казахстан». Аталған өнеркәсіптердің өнімдері ең жоғарғы сапасымен жоғары технологиялық және жоғары білікті мамандарымен ерекшеленеді», — деді Іле ауданының әкімі Медеуов Қыдыргелді.
Екінші. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту бойынша ауданда жергілікті қаржы есебінен Алматы облыстық ТБО басқармасының бекітілген концепциясына сәйкес, Қараой ауылдық округінің аумағынан қалдықтарды қайта өңдеу кешенін салу жоспарлануда.
Үшінші. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі. Аудандық агроөнеркәсіптік өндірушілері өсімдік өнімділігін арттыру үшін жаңа озық технологияларды пайдалануда.
Төртінші. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру бойынша 2017 жылы басталған 22 км құрайтын автокөлік жолдарының жөндеу жұмыстарын, ауданның 3 елді-мекеніндегі орта жол жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.
Бесінші. Адами капитал – жаңғыру негізі. Балаларды ерте дамыту, әлеуметтік дағдыларды дамыту бойынша бірыңғай стандартты бағдарламаларды енгізу.
Алтыншы. Тиімді мемлекеттік басқару. Жергілікті өзін-өзі басқарудың төртінші деңгейлі бюджетін және муниципалды меншіктерін тәуелсіз енгізу.
Айта кету керек, өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты қарқынын сақтап келді.