Басты бет Өңір тынысы ИЕМІЗ ДЕ, КИЕМІЗ ДЕ – АУЫЛ

ИЕМІЗ ДЕ, КИЕМІЗ ДЕ – АУЫЛ

0
1,533

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы әр адамның санасына шын мәнінде рухани серпіліс беріп, елімнің, мемлекетімнің дамуына қандай үлес қосып отырмын деп әрқайсысымызды ойландырғаны шындық. Бірақ оның мәніне тереңірек бойлайтын болсақ, жүзеге асырар міндеттердің өте көп екендігіне көзіміз жетеді. Жақсы ісіміз, озық тәжірибемізді көпшілікке паш етіп, бізде мынандай майталмандар бар деп мақтана алатындай дәрежеге жеткен кезде өркениеті өркендеген мемлекеттер қатарынан ойып тұрып орын аларымыз да ақиқат. 

Шүкір, Қазақстан деген тәуелсіз мемлекетте туылып, білім алып, жұмыс жүргізіп отырғанымыздың өзі бір бақыт. Қаншама ұлттар мен ұлыстардың басын бір шаңырақ астына жиып, олардың ұлттық салт-дәстүрлерінің сақталуына барлық жағдайлар жасалып отырғандығының өзі Елбасының көрегендігі демей көріңіз. Ауылымыз мал мен егінімен көгеріп, көктеп отырғандықтан ауылшаруашылығы саласының өркендеуі тұрғындардың жақсы тұрмысының кепілі деуге болады. Желтоқсан айының алғашқы күні Тұңғыш Президентіміздің күнімен басталғандықтан, жаздай еткен еңбектің нәтижесін саралайтын кез де осы күнмен тұспа-тұс келуі жақсылықтың белгісі.
Облыс орталығында ауылшаруашылығы қызметкерлерінің күнін зор мереке түрінде қарсы алу дәстүрге айналған. Бұл күні облыс басшысы Амандық Баталов ауылшаруашылығы саласында тер төгіп, сол арқылы өзін азық-түлікпен ғана емес, көпшілікті де құнарлы еті мен таза майымен қамтамасыз етіп жүрген бірталай адамдарға өзінің алғысын айтып, мемлекет тарапынан берілетін біраз марапатын жасады. Солардың ішінде біздің Тасқарасу ауылының екі азаматының жоғары атаққа ие болғандығын айтудың өзі бір ғанибет. Аудан бойынша біздің округтің бағы жанды десем артық айтқандық емес. «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының мүшесі, «Ақ ниет» өндірістік кооперативінің төрағасы Тұқатай Иманәлиев «Ауылшаруашылығы саласының үздігі» медалін кеудесіне тақса, «Тасқарасу» өндірістік кооперативінің төрағасы Бақытжан Амаров ауылшаруашылығын өркендетуге қосқан үлесі үшін 600 000 теңгенің сертификатына ие болды. Екеуі де облыс әкімі Амандық Ғаббасұлының қолынан марапат алып, ауылдың мерейін аспандатты. Тәуелсіздік мерекесіне өздеріне де, ауылдастарына да жасаған үлкен сыйлары болды. Аты озған ауылдастарымыздың жеңісі бәрімізге ортақ деп мақтансақ әбестік бола қоймас.
Тасқарасу ауылдық округінде еңбек ететіндердің барлығы дерлік «Нұр Отан» партиясының мүшелері, яғни олардың еңбектерін партияның атымен байланыстыруға негіз толық. Партиялық жобалар бойынша ауылда көптеген іс-шаралар жүзеге асуда. Күн өткен сайын қатарлары сиреп бара жатқан қарттарымыздың елеусіз қалмаулары үшін «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Ұлы отан соғысының ардагері Иван Павлович Думановтың отын-суын тасуға, жаруға жастар жағы көмектессе, жалпы қариялардың басын қосып, «Нұрниса» кафесінде мерекелі күндері дастарқан жайылып, қолы жомарт азаматтар сыйлықтарын беру жақсы дәстүрі қалыптасқандығын тілге тиек етуге болады. Үлкендердің батасын алғаннан асқан алғыс болмас. Жеңіс күні, қарттар күні біздің ауылдың қарттары үшін есте қалатын ерекше күндердің қатарында. Мүмкіндігі шектеулі жандар да назардан тыс қалып көрген жоқ. Олардың қам көңілдерін ауылдың ақ жүректі жандары әркез көтеріп, азық-түліктен, киім-кешектен көмек көрсетіп тұрады. Мүмкіндігі шектеулі екі азаматқа бос жұмыс орындары ұсынылып, олар бүгінде толыққанды жандармен бірдей еңбек етуде.
«Бақытты балалық шақ» жобасы да көп балалы отбасы балаларына арналғандықтан арнайы акция өтті. Жаһангер Мұратова 250000 теңге көлемінде қайырымдылық көрсетіп, екі оқушы «Көктал арасанда» демалып қайтса, бірнеше отбасы балалары мектепке қажетті оқу құралдары мен қыстық киімдерін алып, жылулықты сезінді. Болашақ иелерінің барлық жағынан бақытты болулары үшін мүмкіндіктер қарастырылуда. Халидәм Даутова өз үйінен «Маленькая страна» атты жекеменшік балабақша ашып, бүгінде онда 25 бүлдіршін тәрбиеленуде. «Сәтті қадам» партиялық жобасы арқылы Айгүл Нуримова мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналасса, ауылдық әкім аппаратына жастар нұсқаушысы болып Айбын Жамбыловтың келуі де жастарға жасалған қамқорлықтың бір белгісі. Жастардың басын біріктіретін әртүрлі мәдени шаралар мен спорттық жарыстар екендігінде ешкімнің дауы бола қоймас. Біздің ауыл да мықты спортшыларымен мақтана алады. Бокстан олимпиада чемпиондарын дайындаған халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Тұрсынғали Еділовтің ауылдасымыз екендігін айтсақ да жеткілікті. Ашим Арзиевтің 90 жылдығына орай ұйымдастырылған футболдан аудандық жарыста ауыл жастарының бірінші орын алғандығын да мақтанышпен жеткізе аламыз. Осы атқарылған шаруалардың барлығы да – партиялық жобалардың аясындағы шаралар. Ауыл тұрғындарының негізгі айналысатындары жүгері өсіру мен мал бағу болғандықтан ауылшаруашылығы саласының, әсіресе мал басының көбейіп, сүт өнімдерінің артуы жолында атқарылар жұмыстар әлі де қыруар. Жастардың қала жағалап кетпей, ата кәсіпке бет бұру үрдісі белең алды. Жақсы ырым. Сондықтан Тасқарасу ауылындағы бүгінгі жұмыстар ауыл тұрғындарының белсенділігі арқасында жүзеге асып отырғандығын айтпасқа болмас. Бір әкімнің қолынан ештең келе қоймас, ал жұмылып жұдырық болғанда, бірігіп білек түргенде алынбайтын асу болмайтындығы тағы рас.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының мазмұнын әр тұрғынға жеткізуде де айтарлықтай насихат жұмыстары жүрді. Ендігі мәселе – ауылдың тұрмыс деңгейінің жақсарып, билеуші партия «Нұр Отанның» қанатының астында тәуелсіздігіміздің рухы асқақтап, егемендігімізге сызат түспеуі. Оңтайлы сәтті пайдаланып барша ауылдастарымды, жалпы аудан тұрғындарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын, біздің жігіттердің биылғы алған марапаттары сіздерге де жұғысты болсын!
Ринат МЕРЕКЕЕВ,
«Тасқарасу» БПҰ төрағасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

СЫР САҚТАҒАН САРЫТОҒАЙ

Адамзатпенбіргежасасыпкележатқанбірдүниеболса, ол – тарих. Тарих – өткеніңді бағамдатар, с…