Алматы облысының туризм басқармасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру және ішкі туризмді дамыту мақсатында Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтарына арналған квест-тур өтті.Квест өткізу кезеңінде қатысушыларға түрлі тапсырмалар берілді. Олар қаланың тарихи, мәдени және сәулеттік нысандары туралы жұмбақтарды шешуге міндетті болады.Квест-турға барлығы бес адамнан құралған 22 топ қатысты. Топ жарған «Элемент» командасы, екінші және үшінші орындарды «KEEP to life» мен «Великолепная пятерка» топтары иеленді.Іс-шараны ұйымдастырушылар — Алматы облысының туризм басқармасы және Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы. Жобаның қолдаушылар «Party Food» пиццериясы, «Quest TDK» квест-бөлмесі және қатысушылар үшін сыйлықтар дайындаған «NewTour» туристік компаниясы болды.
Айта кетейік, бірінші орынды иеленген топқа 30 000, екінші орынға 20 000 және үшінші орынға 15 000 теңге сыйлық ретінде берілді.