Басты бет Жастар саясаты ЖЕТІСУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСТАРМЕН ПРЕСС-КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ.

ЖЕТІСУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСТАРМЕН ПРЕСС-КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ.

0
1,057

Талдықорған қаласында  Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесу өтті. Негізгі тақырып «Жас журналистер одағы» жобасын құру туралы болды. Одақ түрлі жобалар бойынша жұмыс істейтін жас журналистердің әлеуетін ашады, онда балалар тәжірибе жинақтай алады және кейіннен бітіргеннен кейін жұмысқа орналасалады алады. Жобаның негізгі бастамашысы — Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы және Өңірлік байланыс қызметі.Сондай-ақ жастармен кездесу барысында «TINFO» қосымшасы туралы айтылды. 2015 жылы «AlemMedia» компаниясы әзірледі. Мақсаты — қала тұрғындарына ақысыз, заманауи және ыңғайлы ақпаратпен қамтамасыз ету. «TINFO» қосымшасында біз бірнеше ерекшеліктер таба аламыз:

— Жаңалықтар (қаланың / аймақтың әрдайым жаңалықтары)

— Справочник (қаланың компаниялары туралы және де қаланың картасы)

— Дүкен (TINFO интернет дүкенінен тауарлар мен қызметтерді сатып алуға болады)

Қолданбаның функционалды мүмкіндіктері Vkontakte, Facebook, Google+ танымал әлеуметтік желілерінің көмегімен тіркелуге болады.

Бүгінде елбасының Рухани жағыру – болашаққа бағдар мақаласы аясында біз, Жетісу Мемлекеттік Университетнің Журналистика мамандығының студенттерінен бірегей жоба құруды мақсат етіп отырмыз. Біздің мақсатымыз жас журналистерге ұлттық тәрбие беру, сапалы, саналы жан-жақты дамыған білімді, болашаққа ізгі сеніммен ұмытлған сіздердей жас студенттерден өз ісіне сенімді мықты маман қалыптастыру. «Мақсат айқын, міндет бір» – ең бастысы осындай мүмкіндіктерді сіздердің тиімді пайдаланып ,жалықпай еңбек етіп, ерінбей ізденіп, еліміздің ертеңін гүлдендіруге сүбелі үлес қосатын еліміздің мақтанышына айналатын журналистерді дайындап шығару, — деді Алматы облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы

Алпысбаев Рустам.
Жиын соңында жас журналистер көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРГЕ МОЛ МҮМКІНДІК

Мемлекеттің мүддесі жолында, халықтың игілігі үшін аянбай еңбек ету, артылған ауқымды жауа…